Бірінші байлық – денсаулық

25 Views

Маусым
айының үшінші
жексенбісі – Медицина
қызметкерлері күні. Ақ халатты
абзал жандардың төл мерекесін газет
ұжымы ескерусіз қалдырған емес. Жыл
сайын мақалалар жазылады. Ол дәстүр
биыл да жалғасын тауып отыр. Яғни
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында
біздің тілшіміз Марат Диханбай аудандық
орталық аурухананың бас дәрігері Бекебаева
Айман Кенжебекқызына жолығып,
әңгімелесіп, газеттің бүгінгі нөміріне
мақалалар әзірледі. Ендеше, назарды
тілшіміздің дайындаған
материалдарына
салыңыз.

Аудандық орталық аурухананың
бас дәрігері Бекебаева Айман Кенжебекқызымен
көптеген жиналыстарда кезігіп
қалатын кездер көп. Сонда айтқан
пікірлерінен, сөйлеген сөздерінен мен
мына нәрсені түйдім. Айман Кенжебекқызы
өз қызметін жетік білетін басшы.
Ол кез келген мәселеде адамдарды
тыңдай
да және олармен ашық сөйлесе
де алады. Иә, рас талапшыл. Ол
дұрыс
біздіңше. Себебі талап бар жерде тәртіп болады. Ал тәртіп бар
жерде жұмыс жүйелі жүреді. Қазір
аудандық орталық аурухана жұмысына
көпшіліктің де көзқарасы өзгерген.
Әрине жақсы жағына қарай. Біздіңше,
ол да осы Айман Кенжебекқызының
жұмыс тәжірибесі мен біліктілігінің
арқасы.
Оны аудандық орталық ауруханада
жұмыс істейтін дәрігерлер де,
медбикелер
де растап отыр.Біз Айман Кенжебекқызына жолығып, бірқатар сауалдар қойған едік. Жоғарыда да атап өттік қой.
Айман Кенжебекқызы кез келген адамды тыңдай да және олармен ашық сөйлесе де алады. Біз қойған сауалдарға да
ол нақты-нақты жауап беріп отырды. Міне, өз жұмысын бес саусақтай жетік білетін адам осындай болады.
– Бүгінде аудан бойынша РПН дейміз, яғни тұрғындар саны тіркелуінде 57729 адам бар. Оның 19126-сы 0-14 жас
аралығындағы балалар болса, 3366-сы 15 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер, ал, 18 жастан асқан жоғары ересектер
– 35235-ді құрайды. Аудандық орталық аурухана құрамында 1 аудандық емхана, Луговой ауылдық емханасы және 12 дәрігерлік
амбулаториялар біріктірілген. Кадр жөнінде айтатын болсақ, штат кестесінде барлығы 871 адам жұмыс істейді. Нақтысына
тоқталсам, ұжымда 104 дәрігер, 442 мейірбике, 123 кіші қызметкер және басқа да қызметте 160 адам еңбек етеді. 2026 жылдың
5 айында 5 дәрігер жұмысқа орналасты. Оның ішінде 3-еуі жас маман. 3 жас маман да мемлекет тарапынан қарастырылған
тиісті әлеуметтік көмектерді алды. Әрине ауданда штат кестесіне сай дәрігерлер жетіспеушілігі бар. Оны жасырмаймыз. Атап
айтсақ, 1 рентгенолог, 2 акушер-гинеколог дәрігер, 1 анестезиолог-реаниматолог дәрігер, 1 онколог дәрігер. Бірақ біз қолдан келген
мүмкіндіктің барлығын қарастырып жатырмыз.
Медициналық ұйымдардың басым бөлігі типтік ғимараттарда орналасқан. Соңғы жылдары денсаулық сақтау
нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен, 2025 жылы
ауруханаға медициналық мақсаттағы құрал-жабдықтар алынды. Атап айтсақ, СМАД , перзентханаға 2 функционалды төсек,
ларингоскоп, Амбу қапшығы, электронды таразы, қан қысымын өлшейтін аппарат және құны 133 миллион теңге тұратын Корея
елінде жасалған соңғы үлгідегі 4Д УЗИ аппараты алынды.
Халық арасында аурулардың алдын алу мен ерте анықтау бағытындағы жұмыстар да қарқынды жүргізілуде.
Скринингтік тексерулер нәтижесінде жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті және онкологиялық аурулар ерте
кезеңде анықталып, науқастар диспансерлік бақылауға алынуда. Бұл аурулардың асқынуының алдын алуға және
тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
жүйесін түсіндіру бойынша да нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылып,
ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Соның нәтижесінде сақтандырылмаған азаматтар
саны өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай азайып отыр,– деп жауап берді Айман Кенжебекқызы біз
қойған сауалдарға.
Аудан медицинасының бүгінгі жетістіктері – ақ халатты абзал жандардың күнделікті
қажырлы еңбегінің нәтижесі. Денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған
жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, тұрғындарға көрсетілетін медициналық
қызмет сапасын одан әрі арттыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Ал біз өз
тарапымыздан барлық медицина саласында еңбек етіп жүрген
ақ халатты абзал жандардың еңбектеріне зор табыс
тілейміз.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий