23 маусым – Қазақстан полициясы күні
13 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Өткен аптада Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектебінде отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған «Әкем – асқар тауым!» атты танымдық іс-шара өтті.
Шараның басты мақсаты – оқушылардың жетістіктеріне қолдау көрсеткен әкелердің еңбегін дәріптеу, әке мен бала арасындағы сыйластықты нығайту, отбасы құндылықтарын насихаттау және жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру. Іс-шараға аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Бижанов Қожайхан Қазыбайұлы, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Манғұтов Мырзабек Қарақұлбайұлы, республикалық «Үздік педагог – 2025» байқауының жеңімпазы Тобықов Мәулен Төлебайұлы, республикалық волейболдан жүлдегер оқушылар дайындаған Ахмет Асылбекұлы, Ә.Бөкейханов атындағы орта мектеп ұстазы Әйтімов Сейілхан Сайлаубайұлы және алтын медаль, үздік аттестат иегер оқушылардың әкелері арнайы шақырылып, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі мен жауапкершілігі жайында әсерлі әңгімелер өрбіді.
Шара барысында мектеп әкімшілігі мен ұстаздар оқушылардың білім жолындағы табыстарының артында ата-ананың, оның ішінде әкенің қолдауы мен қамқорлығы тұрғанын ерекше атап өтті. Кеш қонақтары өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, баланы еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және білімге құштарлықпен қараудың тәрбиелік маңыздылығы туралы ойларын ортаға салып, ақыл-кеңестерін айтты. Оқушылар да әкелеріне деген ризашылықтарын жүрекжарды лебіздерін, өлеңдер шумақтары мен ән арқылы жеткізді. Әке мен бала арасындағы сыйластық пен сенімге негізделген әсерлі әңгімелер көпшілікке ерекше әсер қалдырды.
Іс-шара барысында үздік нәтиже көрсеткен оқушылардың жетістіктері таныстырылып, олардың табысқа жету жолдары сөз болды. Бұл жас буынға үлкен мотивация сыйлап, білім мен еңбектің жемісі әрдайым жоғары бағаланатынын көрсетті. Қонақтарда көтеріңкі көңіл күйде болып, әсерлі сәттер көп болды.
Шара соңында белсенді қатысқан отбасылар марапатталып, ұйымдастырушылар барлық әкелерге алғыс білдірді. «Әкем – асқар тауым!» атты іс-шара көпшілікке жақсы әсер қалдырып, отбасы бірлігі мен әке қадірін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
«ҚҰЛАН ТАҢЫ» АҚПАРАТ.