Газет – ғұмыр айнасы

5 Views

ГАЗЕТ ӘРКЕЗ – ҰЛТТЫҢ ҮНПАРАҒЫ. БҰРЫНДА
СОЛАЙ БОЛҒАН. ҚАЗІРДЕ СОЛАЙ. БІЗДІҢ
МАҚСАТЫМЫЗ – ЕЛГЕ ОЙ САЛАТЫН ДҮНИЕЛЕРДІ
ОҚЫРМАНДАРҒА ҰСЫНУ. СОЛ МАҚСАТПЕН
ЕҢБЕК ЕТІП ЖАТЫРМЫЗ. ЕҢБЕК ЕТЕ ДЕ БЕРЕМІЗ.
КӘСІБИ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА АУДАННЫҢ
ҚҰТХАНАСЫНА АЙНАЛҒАН «ҚҰЛАН ТАҢЫ»
ГАЗЕТІНІҢ ТАРИХЫНА ШОЛУ ЖАСАП ӨТКЕНДІ
ЖӨН САНАДЫҚ.

Жалпы Тұрар Рысқұлов аудандық «Құлан таңы» газетінің
тарихы өте тереңде жатыр. Газет 1940 жылдың мамыр айынан
бастап жарыққа шықты. 1940-1965 жылдары «Социалистік еңбек»,
«Социалистический труд», 1965-1991 жылдары «Коммунистік
еңбек», «Коммунистический труд» деген атаумен қазақ және орыс
тілдерінде, ал 1991 жылдан бері «Құлан таңы» деген ныспымен
жарық көріп келе жатыр. Басылымның алғашқы редакторы
Әбсаттар Мәдіғұлов болды. Одан кейін газетті талантты
журналистер Сағат Арынов пен Оспанбек Хатиев басқарды. Өсер
Уазиев, Анатолий Деридовичтің де газет тарихында есімдері қалды.
Атап өткеніміздей, тәуелсіздік алған жылдары газеттің атауы
өзгерді. Осы кезеңдерде газетті Дүйсен Мәмбеталин, Тұрсынхан
Жаманбаев, Москау Нохрабеков, Мұратбек Арыстанбеков,
Серікбай Өтегенов, Мұрат Өмірзақовтар газетті абыроймен
басқарып, басылым таралымының өсуіне елеулі еңбек етті.
Газет жұмысында қаламсабы мен қойын дәптерін өзіне серік
еткен тілшілердің де орны бөлек. Олардың қатарында Мұрат
Ахалиев, Әбдіжақып Туғанбаев, Рахметілдә Құдабаев, Есенкелді
Төреқұлов, Рахмаш Сулейманов, Мірқажы Қайыпов, Әлібек Бахитов,
Кәріпжан Нүсіп, Басқар Битанов, Константин Арбузов, Владимир
Казекеев, Сейсен Қожеке, Қыдыралы Қойтай, Досан Құлбеков,
Елена Кочергина, Раиса Сакаева, Галина Глунцова, Байбосын
Әбілдаев, Әбдіғали Бейсембин, Бауыржан Иманалиев, Гүлдана
Тоқбаева секілді журналистерді айтуға болады. Сондай-ақ, ауданда
баспахана жұмысын ерекше жолға қойған білікті полиграфист,
баспа саласының инженері Нұртас Адамсопиев, баспагерлер
Қали Қалжыров, Өксен Керімбеков, Қайрат Баймұқанов, Рафхат
Бекмамбетов, Роза Гаппарова, Эльза Фогель, корректорлар Тамара
Шихова, Рәткүл Айнақұлова, Нағима Халтаевалардың да еңбегі зор.
Сондай-ақ, бас есепші Васфия Физлованы, машинистка Рыскүл
Құрманбаеваны, линотип терімшілері Фарида Қырғызбаеваны, Мая
Рысқұлбекова мен Перизат Кабираеваларды әріптестері әрқашан
құрмет тұтады.
Негізінен «Құлан таңы» газеті редакциясын жас журналистердің
талабын шыңдайтын ұстахана деп айтсақ та жарасады. Осы күні
есімдері ауданға ғана емес, облысқа, тіпті мұқым қазаққа белгілі
Ардақ Үсейінова, Табиғат Абаилдаев, Қамар Қарасаева секілді
білікті журналистер осы газетте шығармашылық жолдарын
бастаған. Қазір талантты журналистер даярлайтын құтханаға
шығармашылыққа жаны жақын оқушылар көптеп келеді. Біздің
миссия – соларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, өз ісінің маманы
болуына жол көрсету. Сол миссиямен газеттегі әрбір адам жұмыс
істеп келе жатыр. Алдағы уақытта бұл үрдіс осылай жалғаса
бермек. Мерекеміз құтты болсын әріптестер!
Нұрлан БЫҚЫБАЕВ,
аудандық «Құлан таңы» газетінің бас редакторы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий