Жүлделі І орынды иеленді

13 Views

Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен, мәдениет және тілдерді дамыту
басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығы мен Байзақ
ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен ауылдық клубтар арасындағы
«Ауыл CLUB» облыстық Art-тимбилдингі өз мәресіне жетті. Ауылдық
мәдениет үйі мен клуб меңгерушілерінің басын қосқан Art-тимбилдингтің
екінші күні де ерекше әсерге, шығармашылық шабытқа және көтеріңкі
көңіл-күйге толы өтті.

Екінші күнгі додада қалған үш ауданның өнерпаздары сахна төріне шығып,
көрермен назарына үздік өнерлерін паш етті. Әр команда 40 минуттық концерттік
бағдарламасын ұсынып, туған өлкесінің мәдени тынысын, өнер ұжымдарының
шығармашылық әлеуетін жан-жақты таныстырды. Сонымен қатар, интеллектуалдық
және шығармашылық тапсырмаларда тапқырлық танытып, түрлі ойындар мен
сайыстарда ұйымшылдық пен белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті.
Өнер мен достықты, бірлік пен шығармашылықты ұштастырған байқаудың
екінші күні де мазмұнды сәттерге толы болды. Қазылар алқасы қатысушылардың
сахналық мәдениетін, кәсіби шеберлігін, командалық үйлесімділігі мен
шығармашылық ізденісін жан-жақты бағалап, үздіктерді анықтады.
Іс-шараның басты мақсаты – ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарының
жұмысын жаңа деңгейге көтеру, мәдениет қызметкерлері арасында тәжірибе
алмасу алаңын қалыптастыру, заманауи мәдени-этикалық қағидаттарды дәріптеу
және командалық байланысты нығайту.
Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде Байзақ ауданына бұйырды. І
орын – Тұрар Рысқұлов ауданына, ІІ орын – Сарысу ауданына, ІІІ орын – Шу
ауданына берілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Жамбыл облысы әкімдігінің
мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай арнайы
марапаттады. Сондай-ақ, ерекше өнерімен көзге түскен өзге аудандар ынталандыру
сыйлықтарына ие болды.
«ҚҰЛАН ТАҢЫ» АҚПАРАТ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий