СЕНОВАЛ как объект ПОЖАРА
22 ViewsС наступлением осеннего периода в сельской местности, агрофирмах и других сельхозпредприятиях области происходит большое количество пожаров в местах заготовки и хранения грубых кормов. Ежегодно…
Жақында аудан әкімі Ернар Есіркепов
Тәжікстан Республикасынан келген инвестормен
жұмыс кездесуін өткізіп, аудан аумағында жүзеге
асырылатын инвестициялық жобаны талқылады.
Кездесу барысында бастапқы
инвестиция көлемі 1,2 миллиард
теңгені құрайтын, ал жоба толық іске асырылғаннан кейінгі жалпы
құны 3 миллиард теңгеге жететін
инвестициялық жоба таныстырылды.
Жоба аясында тәулігіне 120-250
тонна өсімдік майын өндіретін зауыт,
тәулігіне 50 тонна құрама жем өндіретін
кәсіпорын, өндірістік кешен және 6000
басқа арналған мал бордақылау алаңы
салу жоспарланған. Аталған жоба
жергілікті кәсіпкердің қатысуымен
бірлескен инвестиция негізінде жүзеге
асырылатын болады.
Жобаның іске асырылуы ауданның инвестициялық әлеуетін арттыруға,
өндіріс көлемін ұлғайтуға, жаңа
жұмыс орындарын ашуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң
серпін береді.
Кездесу қорытындысы бойынша
аудан әкімі Ернар Есіркепов жауапты
бөлім басшыларына инвестициялық
жобаны жан-жақты сүйемелдеуді
қам тамасыз ету, сондай-ақ, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес,
барлық қажетті рәсімдерді жедел әрі
сапалы ұйымдастыру жөнінде нақты
тапсырмалар жүктеді.
АУДАН ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.