Кітап — рухани қазынаға бастар жол!

16 Views

Жаз мезгілі – демалыс пен серуеннің ғана емес, рухани дамудың
да тамаша кезеңі. Осы мақсатта аудандық орталық кітапхана аудан
тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және
бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Көше кітапханасы»
және «Кітапқа толы жаз» жобаларын жүзеге асыруда.
«Көше кітапханасы» жобасы аясында орталық саябақтар мен
көпшілік демалатын орындарда түрлі форматтағы іс-шаралар
ұйымдастырылып келеді. Жаңа кітаптар көрмесі, библиоколлаж,
кітап таныстырылымдары, әдеби сағаттар, Book Talk кездесулері
мен танымдық бағдарламалар арқылы оқырмандар кітап әлемімен
жақынырақ танысуда.
Жоба аясында әртүрлі жастағы тұрғындар өздеріне ұнаған
кітаптарды қарап, кітапхана қызметімен танысып, жаңа әдебиеттер
туралы ақпарат алады. Ал «Кітапқа толы жаз» жобасы жазғы
демалысты пайдалы әрі мазмұнды өткізуге бағытталған. Жоба
барысында балалар мен жасөспірімдерге арналған ертегі оқу
сағаттары, әдеби ойындар, викториналар, кітап көрмелері,
шығармашылық кездесулер және ашық аспан астындағы кітап
оқулары ұйымдастырылуда. Бұл шаралар оқырмандардың
кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың
шығармашылық қабілетін шыңдап, ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік
береді. Аталған жобалар аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері
мен тарихи тұлғалардың мерейтойларына арналған танымдық іс-шаралар да тұрақты өткізіліп келеді.
Бұл – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпақты ел тарихы
мен әдеби мұрасын құрметтеуге тәрбиелеудің маңызды қадамы.
Кітап – адамды білім мен парасатқа жетелейтін сенімді серік.
Сондықтан барша аудан тұрғындарын «Көше кітапханасы» және
«Кітапқа толы жаз» жобаларына белсенді қатысып, кітаппен бірге
рухани әлемін байытуға шақырамыз.
Алия ИСКАКОВА, аудандық кітапхананың кітапханашысы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий