Бейбарыс Ерғали — күміс жүлдегер

20 Views

Күні кеше №25 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің
жаттықтырушысы, талай жас өрендерді еркін күрес спортына
баулыған білікті бапкер Асхат Телекеев ағамыз «WhatSapp» нөмірімізге хабарлама жазып, қуанышты жаңалықты жеткізді. Ол осы
күні жастар арасында еліміздегі белді балуандардың бірі саналатын,
бала кезінен №25 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еркін
күрестің қыр-сырын үйренген білекті балуан Бейбарыс Ерғалидың
Тайланд мемлекетінің Паттайя қаласында күрес түрлерінен 20
жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында
күміс медаль еншілегінін айтты. Бұл жаңалыққа шыныменде қатты
қуандық. Себебі Бейбарыстың күресін талай мәрте көргенбіз. Сөзсіз
– мықты балуан.
Тайландта өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы
Азия чемпионатында Бейбарыс Ерғали 92 келі салмақ дәрежесінде
белдесіп, күміс медаль иеленді. Бейбарыс Ерғали туралы да біз көп
жазғанбыз. Оның болашағы зор. Жерлесімізді кезекті жүлдесімен
құттықтай отыра, алда өтетін жарыстарда да сәттілік серігі болсын
деген тілектестік білдіреміз.
Марат ДИХАНБАЙ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий