ҚАЛАМНАН қонған құт
Ардагер журналист, Қазақстан Журналистер
Одағының мүшесі, ақын, қаламгер, ауданның Құрметті
азаматы Сейсен Қожекенің есімі ауданымызға ғана
емес, облысымызға, тіпті республикаға таныс десек,
қателеспеген болар едік. Аудандық «Құлан таңы», одан
кейін облыстық «Ақ жол» газеттерінде өнімді еңбек еткен
ардагер журналист биыл 75 жасқа толады. Қаламгердің
75 жасына орай аудан мектептерінде кездесу кештері
ұйымдастырылған да болатын. Оның бірі газетімізде жазылды
да. Бүгін де газетімізге Сейсен Қожекемен бірге облыстық «Ақ
жол» газетінде еңбек еткен, осы күні зейнетте болса да қолынан
қаламын тастамаған сақа журналист Құрманбек Әлімжанның
әңгімеге бергісіз оябы бөлек мақаласын оқырман назарына ұсынуды
жөн көрдік.
Ол да ҚазМУ-дің журналистика
факультетінде сырттай оқып
жүріп, аудандық газетте аудармашы,
әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі,
жауапты хатшы, редактордың
орынбасары баспалдақтарынан өткен,
яғни газет ісінің «қара қазанында»
қайнап шыққан бесаспап маман екен.
2007 жылы «Қожай қызыр береке»
деген шежіре кітабын Қордайдағы
«КИИК» баспасынан шығаруға жиі
келіп жүрді. Сол еңбегі оны қатардағы
көп журналистің бірі емес, өңірдің
өткеніне жетік тарихшы, қанық
шежіреші, елгезек өлкетанушы екенін
көрсетті. Өз әкесі Шәміннің әскерде
жүріп Халкин-гол қақтығысына
қатысқаны, соғыс басталғанда
жетпіс екі күн Ленинград қоршауында
қалып, он жеті рет қарсы шабуылға
көтеріліп «Ерлігі үшін» медалін,
соғыс аяғына дейін тағы екі орден
алған ерлік жолдарынан тартып,
бұрын-соңды Әулиеата аймағында
орын алған белгілі оқиғалар мен ерек
тұлғалар жайлы таңды-таңға ұрып
әңгімелеуден жалықпайтын. Әрине, бұл
әңгіме хикаяттары кітап түрінде де,
баспасөз беттерінде де жарық көріп
жатты.
«Ақ жолдың» екі аудандағы меншікті
тілшісі сол өңірлердегі жасампаз
еңбек пен жетістіктерді оқырмандарға
жеткізгенше асығатын.
Ал кейде маңызды мәселелерді көтеру
барысында от пен судың арасына
түсуіне тура келіп, екінің бірі батылы
барып жаза бермейтін шыжғырып
шындықты айтқан сын мақалалары
ше?! Колхоз совхоздар ыдырап, «жекешелендіру
» деген желеумен ел байлығы
ұстағанның қолында, тістегеннің
аузында кетіп жатқан өтпелі кезеңде
облыстық газетте «Құландағы құйын»
атты фельетон жарқ етті. Мұның
авторы
Сейсен Қожеке болса, оны
жариялаған «Ақ жолдың» айбынды
редакторы Арғынбай Бекбосын еді.
Іле-шала осы фельетон республикалық
«Ара» журналы мен «Казахстанская
правда» газетінде жарияланып,
үлкен қоғамдық резонанс туғызды.
Сейсеннің одан бұрынырақ, Колбиннің
дәурені жүріп тұрған кезде, «азулы»
редакторы Арекеңнің тапсырмасымен
Асанбай Асқаровты Бішкектегі сот
абақтысынан босатуды сұрап 20
мыңдай адам қатысқан митингіден
жазған репортажы да бүкіл елдік
мәселеге араласуы болатын. Талай
жегіш, жемқорларды газет бетінде
аяусыз әшкереледі де. Журналист өзін батылдыққа
б а у л ы ғ
а н р е д а к т о р ы
Арекеңді Парламентке екі мәрте
сайлағанда да сенімді өкілі болып
қасында жүргенін мақтан тұтады. Ол
университетте бірге оқыған әріптесі
Мұса Рахманбердиев екеуі «жегені
жантақ болса да арқалағаны алтын»
деп журналист қауымын жоғары бағалаған
«қазақтың Шерағасы» – Шерхан
Мұртаза парламенттік сайлауға
түскенде де сенімді өкіл болып үгіт-
насихат жүргізген екен. С.Қожекенің
қарымды қаламы кеңес үкіметі кезінен
сіресіп келген сеңнің шетін сөгіп,
бірнеше ауылдың атын өзгертуге сеп
болыпты. Мәселен, егемендігіміздің
елең-алаңында аудан әкімдігінің тіл
комитетін үш жыл басқарған кезінде
Тұрар Рысқұловтың үзеңгілес жолдасы,
Әулиеата уезінің азық-түлік эмиссары
болған Жүсіп Сатыбалдиевтің және
қалмақтармен шешуші шайқаста
жүзбасы болған Таңабай батырдың
есімдерін Каменка ауылындағы екі
көшеге бергізеді. Меркі ауданындағы
Нововоскресеновка деген ауылдың аты
неге осылай аталғанын сұрастырып
көрсе, жаға ұстатарлық сұмдықтың
беті ашылады. Мұны қазақшалағанда
«жаңадан шоқындырылғандар» болып
шығады екен. Сонда кімдерді шоқындырған?
Сөйтсе, көнекөз қариялардың
айтуынша, қазақ балаларын
кәмпит
беріп алдап, шіркеуге топтап әкеліп
шоқындырған деседі. Содан ауыл
«Нововоскресеновка» аталып кеткен.
Осының бәрін зерттеп ақиқатына көз
жеткізген соң С.Қожеке облыстық
газетке «Ауылға Андас аты лайық»
деген мақала жазып мәселе көтереді.
Өйткені, сол аймақтан шыққан Андас
батыр дүниеден озар шағында: «Мені
қырғыз бен қазақтың шекарасына
жерлеңдер» деп аманаттаған екен.
Сөйтіп журналистің ұсынысын жұрт
қызу қолдап, батырдың бейіті басынан
көрікті кесене тұрғызылып, ауылға
Андас аты беріледі. Тағы бірде сол
Меркі ауданында іссапарда жүргенінде
Ленин жолы ауылының тұрғындары
елдімекендерінің желке тұсындағы
тоспаның апаттық жағдайда екенін
айтады. Барып көрсе, бөгеннің шеті
жырылып сыздықтап су аға бастаған
екен. Бұл бетімен көп ұзамай бөгет
жарылып, ауыл-аймақты су басып
қалмақшы. Секең дереу газет бетінде
дабыл көтереді. Іле-шала облыс әкімі
Б.Жексембин тиісті мамандарды
бастап әкеліп, шұғыл түрде апатты
жою шаралары қолға алынады. Онымен
де қоймай, жұрт тілегімен ауыл мен
Шу күре жолына дейінгі аралықта аяқ
алып жүре алмас батпақты жолды
жөндеуге он миллион теңге бөлгізеді.
Сол оқиға орайына ауылдың Ленин
жолы деген аты да өзгеріп, «Ақ жол
газеті атындағы» ауыл аталған екен.
Міне, мәселені орынды көтере білсе,
газет сөзінің салмағы тау қопарар
күшке айналарына бұл да бір мысал. Қай тақырыпты қолға алса да
еңсере
жазып, түйінін тарқата
білетін сақа журналистің қалам
тартпаған саласы жоқ деуге болады.
Оның ой сараптауынан, қай мәселені
де көңіл
таразысынан өткізе отырып
шұрайлы
тілмен кестелеген очерктері,
суреттемелер
мен репортаждары
көркем әңгімедей тартымды оқылады.
Осы күнге дейін оннан астам кітабы
жарық көрсе, оның қай-қайсысы да
тарихи танымдық құнды дүниелерден
тұрады. Мәселен, Жарлысу ауылында
кезінде колхоз басқарған, екі мәрте
Ленин орденін алған Шәуе Сәлімбаев
«Балықшы балықшыны алыстан таниды» демекші, мен оның өзінен
бұрын сөзін таныдым. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары облыстық газетте
қатар жатқан Меркі және Луговой (Қазіргі Т.Рысқұлов) аудандарынан
меншікті тілші Сейсен Қожекенің мақалалары жиі жарық көре бастады.
Несіпбек Дәутайұлы көкем айтатындай газеттің бетін толтыратын «құнарсыз
қу шөп-шаламдар» емес, Секеңнің салмақты, мәселе көтерген батыл сын
мақалаларын да тұщына оқитын едік. Кейіннен өзім де «Ақ жолдың» Қордай
ауданы бойынша меншікті тілшісі жұмысына кіріскелі ұдайы кездесіп, пікір
алысып, бірден бауырласып кеттік.
деген кісі тұрыпты. Журналист
онымен де талай мәрте жүздесіп,
бастан өткен хикаяларын өз аузынан
жазып алған. Соның бірінде атақты
Тәттімбет күйшіні көргенін айтады.
Ашаршылық жылдары ел қырыла
бастап, тоғыз-он жастағы Шәуені
әкесі Кетпентөбе деген жерден
ауылда қалған атын әкелуге жібереді.
Жаяулап, арып-ашып бұл келсе мұндағы
ел де аштықтың тұзағына ілінген екен.
Бір төбенің басында күйші аңыратып
қобыз тартып отыр екен дейді. Бұл
қасына таяғанда неге келгенін сұрайды.
«Осында қалған қаракер атыма келдім»
дейді. Сонда күйші: «Ой, атыңды
кеше осындағы жұрт сойып, пышақ
үстінен бөлісіп алды ғой» деп Шәуені
жылқыны сойған жерге ертіп барады.
Ол ұйып жатқан қаннан бір уыс алып
ыдысқа салып беріп тұрып: «Осыны
шешеңе қуыртып ал да жолыңа азық
ет, әйтпесе өзің де өліп қаласың» деп
алыс сапарға шығарып салыпты. Сол
қобыз тартып отырған кісі атақты
Есім бидің ағайыны Тәттімбет
С а р ш а ұ л ы н ы ң ө з і б о л с а к е р е к .
Аштықтан әбден торыққан
күйшінің
әйелі: «Неге сонша қобызыңды
зарлата
бересің, онсыз да мына зобалаңнан
елдің ет-жүрегі езіліп
барады» деп
қобызын тасқа ұрып, тас талқанын
шығарған екен. Сонда Толғамбай ұста
оған басқа қобыз жасап беріпті.
Осы оқиғалардың негізінде жазылған
Сейсеннің «Толғамбайдың қобызы»
деген әңгімесін тебіренбей оқу мүмкін
емес. Секең бір шешіліп әңгімелеп кетсе
Д.Қонаевтың өзі «Қазақстандағы
нөмірі екінші идеолог» деп атаған
Әлмұқан Исақовтан
бастап,
әрқайсысының шыққан өз биігі бар сөз
қадірін білетін Жақсылық Сәтібеков,
Несіпбек Дәутайұлы,
Әлдихан Қалдыбаев,
Рахметілдә Құдабаев, Рахметілдә
Өзбеков,
Асқаржан Сәрсек, Болат
Бекжан, Сапарғали Әлібай, Болат
Жапаров,
Лесбек Сайлаубек, Тұрсынхан
Толқынбаев, Ақылжан Мамыт,
Баймаханбет Ахмет тәрізді тығыз
араласып қызметтес болған ақын-
ж а з у ш ы д о с т а р ы , ж у р н а л и с т
әріптестері туралы айтар әңгімелері
аз емес. 75 жыл өмірінің елу жылын
жу р н а л и с т и к а н ы ң қ ы з ы ғ ы м ен
шыжығына арнаған Сейсен Қожеке
оның жиырма бір жылын аудандық,
ал жиырма алты жылын облыстық
газетте өткізіпті. Оның қалам іздері
Тұрар Рысқұлов және Меркі аудандық
газеттері мен облыстық «Ақ жол»
газетінің тігінділерінде сайрап жатыр.
Олардан тыс әртүрлі республикалық
газет-журналдарда жарияланғандары
да жетіп артылады. Сонымен қатар
тарихи-шежіре, повесть, әңгіме,
хикаяттардан тұратын «Құлан
тарихы», «Қожай қызыр береке»,
«Темірқұл. Теміржол.Темірқанат»,
«Аты аңызға айналған», «Екі майданның
жауынгері», «Тұңғиықтай тұнық
ғұмыр», «Айкөл» деген кітаптары
бар. «Айкөлде» өзінің көп жылдардан
бері жазып жүрген өлеңдерін сұрыптап
оқырмандар назарына ұсынған. Өлең
сөзге оның бала кезден құмартуына
өз ауылынан шыққан балалар ақыны,
педагог-ғалым Әдібай Табылдиев
себепкер болса керек. Поэзия әлемінде де Секеңнің
тақырып
ауқымы кең, өлең
новеллалары мен балладалары жеңіл
оқылады. Өмір өкінішсіз болған ба,
осыдан он үш жыл бұрын қырық жылға
жуық отасқан зайыбы Жанаркүл
Садуақасқызы кенеттен өмірден
озды. Мектепте ұстаздық ететін,
ол да сөз өнеріне жақын ақынжанды
азаматша еді. Зейнетке шыққанына бір
жыл ғана болған. Сол күндері Сейсен
қажылыққа баруға қамданып, буынып-
түйініп дайын отырған. Зайыбын
жер қойнына беріп, қамыққан халде
қажылық сапарды тоқтатпақшы
еді, ауданның бас имамы: «Бұл жерде
көп болса марқұмға жүзшақты
адамның батасы тиер, ал қажылықта
миллиондаған қажының арасында
пайғамбар шапағатына бөленесіз.
Сапардан бас тарпаңыз» деп қоярда-
қоймай қасиетті сапарға шығарып
салады. Сөйтіп ол Мекке, Мединенің
киелі топырағын басып Сейсен қажы
атанып қайтады. Шүкір, екеуінің
үш ұл, бір қызының барлығы үйлі-
жайлы болып, немерелері өсіп жатыр.
Кейіннен Секең жаңа отбасымен
Меркіге қоныс аударды. Өткен
айларда Тұрар Рысқұлов және Меркі
аудандарының бірқатар колледждері
мен мектептерінде өз орталарынан
шыққан қаламы қарымды журналист,
жазушы, ақын Сейсен Қожекенің 75
жасқа толуының құрметіне «Қалам
мен жүрек үндестігі» тақырыбында
көптеген кездесулер ұйымдастырылды.
Онда Секең балаларға өзінің қаламгерлік
жолы, кітаптарына өзек болған
тарихи оқиғалар мен жағдаяттар
туралы тағылымды
әңгімелеп берсе,
оқушылар жазушы шығармаларынан
үзінділер оқыды. Қа т ы с у ш ы л а р қ а л а м г е р
шығармашылығы
туралы
ойларын бөлісіп, әдебиет пен өмірдің
байланысын терең
түсінуге мүмкіндік
алды. Сөйтіп Қазақстан Журналистер
одағы сыйлығының
лауреаты, Тұрар
Рысқұлов ауданының Құрметті
а з а м а т ы , « Ж а м б ы л о б л ы с ы н а
сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен,
облыс, аудан әкімдерінің және
мәслихаттардың Құрмет грамоталарымен,
көптеген мерейтойлық
медальдармен
марапатталған Сейсен
Қожеке биыл мерейлі жас белесіне
шығып отыр. Қимылы ширақ, адымы
алымды, қаламы қарымды осынау кемел
шағында оған денсаулығы мықты,
жүзі жарқын болып, әлі де талай
шығармашылық биіктерден көріне
беруіне тілек қосамыз.
Құрманбек ӘЛІМЖАН,
Қазақстанның Құрметті
журналисі.
