ЕГІН ЖИНАУ КЕЗІНДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

11 Views

Астық жинау жұмыстарын жүргізу
кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз
ету ерекше маңызға ие. От қысқа
уақытта астық қорын жоюы мүмкін.
Астық жинау кезінде өрт қауіпсіздігі
ережелерін білу және қатаң орындау
өрттің алдын­алудың маңызды шарты
болып табылады.
Дәнді дақылдарды жинау және
азық дайындау кезінде өрт қауіпсіздігі
қағидалары тәртібі қарастырылған.
Онда ауыл шаруашылығы өндірушілері
сақтауға тиіс ережелер мен іс­шаралар
сипатталған.
Егін жинау кезінде және ол аяқтал-ғаннан кейін өрттің пайда болуының
негізгі себептері:
– отты абайсыз қолдану;
– фермерлердің сабанды рұқсатсыз
жағуы;
– қолданыстағы техниканың электр
ақаулығы;
– ұшқын сөндіргіштердің жоқтығы;
– механизаторлардың қозғалтқыштар радиаторларындағы шаңды күйдіру
үшін дала жағдайында ашық от қолдану
және сөндірілмеген темекі қалдығы
болып табылады.
Далалық жұмыстарды жүргізу
кезінде қойылатын негізгі өрт қауіп-сіздігі талаптары:
1. Барлық дала жұмыстарына қа­
ты сатын тұлғалар өрт қауіпсіздігі
талаптарын сақтау туралы нұсқаулықпен
танысуы тиіс.
2. Өрт сөндіру құралдары нормаға
сәйкес болуын және қолдануға
дайын болуын, дереу пайдалану үшін
мүмкіндік жасалуы тиіс.
3.Уақытша электр жарықтан дыр­
ғыштар, тоқ және жоғарғы кернеулі
электр желілері егін және орман ал­
қап тарынан 100 метр арақашықтықта
орналасуы керек. Дала қостары және
егін алқаптары ені 4 метрден кем емес
жола ғымен жыртылады және темекі
шегуге арналған орын деген жазулары бөлінеді.

4. Жұмыс жүргізу кезінде, егін
алқаптары маңайында, сондай­ақ, жа­
нын да сабанды және шөпті өртеуге
тыйым салынады.
5. Мұнай өнімдерімен толтыру
және газ­электрмен дәнекерлеу жұмыс­
тарын жүргізу арнайы құрғақ шөптен,
жанғыш қоқыстан тазартылған алаң­
дарда жүзеге асырылуы тиіс. Және
ені 4 метрден кем емес жолақпен
жыр тылған, құрылыстардан 50 метр
және шөп, сабан, тоқ желілерінен 100
метр ара­қашықтықта жүргізілуі тиіс.
Жанар май құю жұмыстары кезінде қоз­ғалтқыш өшірілуі тиіс.

Түнгі уақытта машиналарға жанармай құюға тыйым
салынады. Өрт шыққан жағдайда, ең алдымен,
«101» немесе «112» нөмірін теріп, азаматтық қорғау қызметін шақырыңыз.
Есіңізде болсын, осы ережелерді қатаң  ұстансаңыз, өз өміріңіз бен дүние
мүлкіңізді сақтай аласыз.
АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ  ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий