ЖАЗДЫҢ БІР КҮНІ – жылға азық!

29 Views

БҮГІНДЕ АУДАН ДИХАНДАРЫ УАҚЫТПЕН САНАСПАЙ, КҮННІҢ АПТАП ЫСТЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН ЕГІН ЖИНАУ ЖҰМЫСТАРЫНА БІЛЕК СЫБАНА КІРІСІП КЕТТІ.

Жалпы биылғы егін орағына барлығы 425 бірлік техника, оның ішінде 162 трактор, 101 комбайн және 162 астық тасымалдау автокөлігі жұмылдырылып, 102,1 мың гектар алқаптағы масақты дақылдарды жинау көзделуде. Орташа өнімділік 18 ц/га.
Шаруаларды қолдау мақсатында көктемгі дала жұмыстары мен егін орағына қажетті 7 мың тонна жеңілдетілген бағамен дизель отыны толығымен таратылып берілді.
Күні кеше аудан әкімі Ернар Есіркепов егін орағы науқанының барысымен танысу мақсатында «Шәушен» және «Бай Алғабас» шаруа қожалықтарының егіс алқаптарына барып, жүргізіліп жатқан жұмыстарды көріп, шаруашылық басшыларымен жүздесті.
Егіс алқаптарын зерделеу барысында егін жинау жұмыстарының барысы қаралып, астықты ысырапсыз жинау және науқанды сапалы әрі мерзімінде аяқтау міндеттері пысықталды.
АУДАН ӘКІМІНІҢ
БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий