Жер кіндігіЖер кіндігі немесе қасиетті Мекке мен Медине қажылық сапарында түйген ой

34 Views

2013 жылы үлкен қажылық сапарда болдым. Содан бері арада он үш жыл зымырап өте
шығыпты. Осы жолжазбамды кейінгілерге сабақ болсын деген мүбәда оймен тағы да бір
жадымда жаңғыртып, қолыма қалам алып отырмын. Иә, «жер кіндігіне» бардық… 45-50
градус аптап ыстықты (сол шіліңгір аптап қазір бізге де кеп тұр) сапарластастарым:
көкдөнендік Үкібаев Ораз, Құланда тұратын шешен жігіті Халит, ұлағатты ұстаз
Рысжан Қожабергенова мен кәсіпкер әйел Райса Дәуренбековалармен бірге көрдік.
Айтайын дегенім, кейінгі кезде «Умра – қажылыққа» баратындар көбейді. Олардың тілек-
ниеттерін Алла қабыл етсін!
Десек те қазіргі таңда бүкіл түркі әлемі халықтары біздің Түркістанды – «Екінші
Мекке» деп жүр. Бұл шаһарды исі Түркі халықтарының екінші астанасы деуі де тегін
емес. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қаланың көркейіп, көріктенуіне
ерекше көңіл бөлуде. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мырза Түркістанды
өзінің екінші отаны санайды. Ал, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев болса
жақында қаланың қақ ортасынан әсем де зәулім мешіт салып берді. Осының барлығы
туыстықтың түп төркінінің тереңде жатқанын көрсетеді. Бұдан біз Мекке мен
Медине сияқты Ай күмбезді түрік жұртының астанасы – Түркістан екенін білеміз.
Ендеше келешекте біз Қожа Ахмет Яссауи мен Арыстан бап, пайғамбарымыз Мұхаммед
(Мұстафа с.ғ.с) жатқан шаһарларды мұсылман қауымы тәу ететін қасиетті де киелі
мекенге айналдыруымыз керек деп ойлаймын. Сондықтан өткенді ұмытпайық, бес
парызымызды берік ұстанайық дегім келеді. Сол мақсатпен осы мақаламды тағы да бір
газетке жария етуді жөн көрдім. Бәріңізе Алланың рақымы жаусын!

Құ д а й д ы ң қ ұ д ы р е т і .
Дәл осылай ойламасқа
амалым қалмай
тұр. Өйткені
мен он ұйықтасам
түсіме
кірмейтін қажылық сапарға
аттанып барамын. Иә, бұл да
болса мыңның ішінен маған
түскен Алланың
рақымы шығар.
Сонымен
алып ұшақ зеңгір
көкке көтерілді.
Алты сағатта
«Боинг» ұшағы бізді түріктердің
ақ ордасы Стамбулға жеткізді.
Ілкі бір сәтте Қара
теңіз жағалауындағы қызыл
шатырлы үйлер мен теңізде
жүзген балықшы кемелер,
яхталар көрінді. Осман түріктерінің
өз алдына мемлекет
болып құрылғанына 600 жыл
болыпты. Біз осынау толайым
тарихы бар түбіміз бір түрік
туғандарды етене жақын
білгіміз кеп құмарттық. Алайда
қажылық сапардың тәртібіне
бағынып, әуежайда үстімізге
икрам киіп Қызыл теңіз жағасында
орналасқан
Жиддаһ шаһарына
қайта бет алдық. Төменде 40-45 градус ыстығы
апшыны қуырып
тұрған Сахара шөлі барын
сезбестен төрт сағат дегенде
Африка жағалауынан бір-
ақ шықтық. Иә, біз жердің
кіндігіне жақындап
қалдық.
Төрткүл дүние халқы бес уақыт
намазын құбылаға
қарап оқитын
қасиетті
Меккеге автобуспен
түннің бір мезгілінде жеттік.
Көліктегілер шырт ұйқыда,
тәйірі жер ананың кіндігіне
келгенін сезбейтін сияқты.
Бәлкім Жаратқан ием өзінің
құлдарын тал бесігіне салып:
«Ә…келдіңдер ме? Ұйықтаңдар»
деп тербетіп отырғандай
көрінді маған, әйтеуір бір пенде
«селт» етер емес. Іл г е р і д е а т а л а р ы м ы з
ж е т і м ы ң ш а қ ы р
ы м
жолды жаяулап алты ай
дегенде әрең жүріп жететін
арақашықтықты біз небәрі
он сағатта басып өттік.
Бұл күні Мекке жұртшылығы
6387 шақырым жолды жаяу
жүріп, Меккеге жеткен пәкістандық
Харлзада Қасрат
Р а й д ы қ ұ р м е т т е п қ а р с ы
алып жатқан. Ол өзінің бұл
қадамын бейбітшілік пен
лаңкестікке қарсы күреске бағыштапты.
Қазақстаннан
сол жылы қажылыққа 4400
адам барды. Ал, 300 миллион
халқы бар Индонезия сияқты
мемлекеттен келгендердің ұзын
саны миллионға жетеқабыл-
ау, шамасы. Оның себебі де
бар тәрізді. Бұл елде 35 жасқа
келгенше қажылыққа бармаған
азаматты үйлендірмейді
екен.
Сондықтан олар мұсылманның
бес парызының біреуін тезірек
орындауға
асығатын көрінеді.
Иә, жер әлемнің кіндігі, иісі
мұсылманның нұрлы астанасы
Мекке – Маккарамға ағылып
келіп жатқан адамда есеп жоқ.
Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмбеттері
Африка түбегінен Қызыл теңіз
арқылы
пароммен жаяулап,
көлікпен бергі жаққа өтіп
жатқаны туралы әр таң сайын
естіп, жүрегімізді бір қуаныш сезімі кернеді. Жер бетінде 1,5
миллиард мұсылман бары еске
түскенде көзімізге жас үйірілді. Жүрек дүрсілі қасиетті
қағбаны жеті рет
айналып, тәуап жасағанда
бұрынғыдан да үдей түскендей
ме?. Жүзі басқа жүрегі бір, тілі
басқа тілегі бір мың сан нәсілдің
көздері жасқа толып, Құдайға
құлшылық етіп, ғибадат жасап
тұрғанын көргенде өзіңнің де
пенде екеніңді мойындайсың.
Мойындайсың да, Алладан:
«…біліп те, білмей де істеген
күнәләрімді
кешіре гөр!» деп,
қағбаны сүйіп, тәубаға келесің.
Бес уақыт намазыңды осынау
Мәсжид әл Харам мешітінде,
қ а с и е т т і қ а ғ б а т а с т ы ң
алдында тұрып оқу – бұл жазған
құлдың бәріне бірдей келе бермейтін
мүмкіндік. Осындай
бір сәтті мен ұлты түрік,
профессор Режеп Сүтшімен
бірге тұрып кешірдім. Ол: –
Шіркін, егер осы мешітте
тұрып оқыған бір намазым
жүз мың намазға тең екенін
білгенімде студенттерімнің
бәрін осы қасиетті мекенге
алып келер едім, – дейді көзі
жасқа булығып. Біз Құлан
өңірінен бес адам, ал, Меркіден
медреседе діни дәріс беретін
ұлты түрік қартымыз Казим
Хейроевпен бірге қажылыққа
барған болатынбыз. Олардың
ішінде әлі де шаңырақ құра
қоймаған, бірақ екінші жолы
қажылыққа барған Халит есімді
шешен жігіт, Көкдөненде әкім
болған Оразбай,
кәсіпкер Райса,
үй мұғалім Рысжан бар. Біз
Меккеде тәжік Мұзафармен,
кениялық Мұхамедпен, сомалилік
Алимен
таныстық. Ирандық
Нұрмұхамед
болса да есімде қалды.
Ол Мақтымқұлының өлеңдерін
өзбекше айтса, мен оны
қазақша оқып бердім. Осы үлкен қажылыққа
Елбасымыз
да барыпты.
Ол кісіні біздің
«Қызметсаяхат
»
туристік компаниясының
жігіттері Сафа мен Маруа
тауында сағи жасап жүрген
жерінен көріпті. Нұрағамыз
келгенде Сауд Арабиясының
жеріне тағы аспаннан нұр –
жаңбыр жауды. Араб королі
Абдул Азиз тағы да Елбасына
таң қалып, басы жерге жеткенше
иілген шығар-ау. Дегенмен,
король арафа күні қарсаңындағы
жұма намазға
келіп, имам Ағзам елу минуттық
құтпа оқып, қажылық сапарға
келгендерді шын ықыласымен
құттықтады. Құрбан айттың
бірінші күні кароль жүз атан
түйені құрбандыққа шалды.
Бұл кезде біз Арафат тауына
шығып, Аллаға бір табан
жақын барғанбыз. Келер күні
Адам ата мен Хауа ана түнеген
Мұздалифа тауында қара жерді
жастанып ұйқыға кеттік.
Білесіз бе, жамбасымызға
тас та батқан жоқ, қайта
анамыздан жаңа туғандай
тынығып тұрдық. Шайтанға
тас лақтыратын жамаратқа
бару, Нұр тауына шығып,
Хира үңгірін көру біз үшін бір
ғанибет, ұмытылмас шақтар
б о л д ы . С о н ы м е н қ а с и е т т і
Меккедегі
сүйікті пайғамбарымыз
Мұхаммед
(Мұстафа
с.ғ.с.) сүннетін яғни бедел
қажылықты
орындап
болып,
Медине қаласына автобуспен
418 шақырым жол тарттық.
Жол-жөнекей бәдәуилердің он
сан қостарын көрдік. Қорым
тас пен қой тастардан аяқ
алып жүре алмайтын таулы-
қыратты бұл өңірге жаңбыр
жауа бермейтіндіктен бе жер
бедерінде
қылтиған бір шөп
көрінбейді. Дегенмен шаруалар
бес-алты атан түйесін, он-он
бес шақты ешкісін бастырма
астында бағып, цитрусты жемістер
өсіріп отыр. Тайланған
шөпті Медине жақтан әкелсе,
суды сатып алып, арнайы
ыдыстарға құйып, тамшылата
суару арқылы күнін көруде. Па й ғ а м б а р ы м ы з д ы ң
Меккеден
пұтқа табынушылардан
қысым көріп,
құрайыштардан
қашып Ясрибке
келгенін, мұнда жер бетіндегі
тұңғыш Мұсылман мемлекетін
құрғанын
біз тарихтан білеміз.
Кейін бұл қала Мадинат ум
Набиу деп аталды. Дәлірек
айтқанда, пайғамбар қаласы
атанды. Бертін келе жұрт
оны қысқартып Медине деп
атап кетті. Осынау сүйікті
пайғамбарымыз Мұхаммед
(Мұстафа с.ғ.с.) жатқан
м е ш і т т е п е й і ш б а ғ ы н д а
отырып
намаз оқып, пайғамбарға
салауат айттық. Бақсақ,
бұл мешітте және Құдыстағы
Ақса мешітінде
оқылған бір намазымыз мың намазға тең келеді екен. Біз
пайғамбарымыздың өз қолымен
кірпішін қаласқан Құба және
Жұма мешіттерінде де болдық.
Ұ х у д т а у ы н д а ғ ы ж а н н а т
аңғарларына барып ғибадат
ж а с а п , ж а н н а т ү л б а қ т а
жатқан он мың сахабаны
зиярат еттік. Расында Мәдина сұлу,
көркем қала. Мәрмәр
ж ә н е г р а н и т т а с т а р м е н
салынған осынау әсем қала
т у р а л ы П а й ғ
а м б а р ы м ы з
хадисінде: «Темірдің тотын
көрік қалай кетіретін болса,
Мәдина да адамдарды солай
т а з а л а й д ы » , « Е г е р м е н і ң
үмбеттерім менің мешітіме
қырық уақыт намаз оқыса, оған
оттан, тозақ азабынан құтылу
мүмкіндігі пайда болады» депті.
Қажылық сапар да аяқталды.
Ойға түйген орны
мен оябы бөлек пайымдарым
да жоқ емес. Бір байқағаным,
біздің елден барғандардың діни
сауаты кемшін бе дедім. Қара
нәсілділердің қай-қайсысы болса
да Құрани Кәрімді ала салып
судыратып оқып жатқанын
көресіз. Ал біздікілердің ішінде
ондайлар шанда біреу. Бізді
осынау жер кіндігіне алып
б а р ы п , м ұ с ы л м а н д ы қ б е с
парыздың біреуі әрі бірегейі
болып саналатын қажылықты
қалай өтеу керектігіне жол
к ө р с
е т к е н А л м а т ы д а ғ ы
«Қызметсаяхат
» туристік
компаниясына,
ондағы Хайдар,
Хайролла, Фатих, Ақылбек,
Берік сынды ұстаздарға айтар
алғысымыз шексіз. Қа ж
ы л
ы қ қ а к е л е т
і н
болсақ, бұл мұсылманның
бес парызының біреуі.
Елге келген соң: «Мен қажы
атандым
» деп өзін жалпақ
жұртқа жария қып, оны бір
е р е к ш е м ә р т е б е , д ә р е ж е
санайтындар
көбейіп барады.
Меніңше
мұның түкке керегі
жоқ. Білсеңіздер, қылышынан
қан тамып тұрған кеңес өкіметінің
кезінде жасырынып
намаз
оқыған Дінмұхаммед
Қонаев ағамыз: «намаз оқып
жүрмін деп» жалпақ жұртқа
жар салған жоқ қой. Осыны
дұрыс түсінейік, ағайын. Қажылығымыз
қабыл болсын!
Меркі-Алматы-Мекке-
Медине-Стамбул-Алматы-
Құлан.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий