«Отбасылық құндылықтар және Конституция» республикалық конкурсының аудандық кезеңіне қатысуға шақырамыз!

15 Views

Конкурсқа Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылатын отбасылар (ата-
аналар мен балалар), сондай-ақ, жастар мен білім
беру ұйымдарының білім алушылары қатыса
алады.
Қатысушылар ұзақтығы 1-3 минуттық бейнеролик
дайындап, оны өңір атауы көрсетілген
арнайы хэштегпен TikTok немесе Instagram
әлеуметтік желілерінде жариялауы қажет.
Бейнеролик келесі тақырыптардың бірін
қамтуы тиіс:
– бала құқықтарын қорғау;
– ата-аналардың құқықтары мен міндеттері;
– отбасындағы өзара сыйластық пен құқықтық
мәдениет;
– тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу;
– балалардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігі;
– Конституция және отбасы құндылықтары;
– «Заңды білу – қауіпсіз өмірдің кепілі».
Конкурстың аудандық кезеңі үстіміздегі
жылдың 3-7 тамызы аралығында өтеді. Нақты
ақпаратты аудандық әкімдіктен біле аласыздар!
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің «Т.Рысқұлов
ауданы әкімдігінің Отбасын қолдау
орталығы» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий