ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

21 Views

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ету және төтенше жағдайлардың алдын алу
мақсатында кешенді профилактикалық іс-
шаралар ұйымдастырылды. Оған аудандық
Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері,
жергілікті атқарушы орган өкілдері, ауылдық
округ әкімдері мен еріктілер қатысты.
Іс-шара аясында тұрғын үйлер, сауда және
кәсіпкерлік нысандары араланып, азаматтарға
өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөнінде
түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар
электр желілерін, газ жабдықтарын пайдалану
кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау,
эвакуациялық шығу жолдарын бос ұстау
және алғашқы өрт сөндіру құралдарының
жарамдылығын үнемі бақылауда ұстау
қажеттігін түсіндірді.

Сонымен қатар тұрғындарға құрғақ шөпті,
қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды өртеуге жол
бермеу, сондай-ақ, ашық отты пайдалану кезінде
барынша сақ болу қажеттігі ескертілді.
Шомылу маусымына байланысты арнайы
жұмыс тобы су айдындары мен тұрғындар
көп демалатын орындарды да аралап, судағы
қауіпсіздік қағидаларын түсіндірді.
Жәнібек СҰЛТАН.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий