АҚБҰЛАҚТА МӘНДІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

21 Views

КЕШЕ МЕМЛЕКЕТ
БАСШЫСЫНЫҢ ЖАРЛЫҒЫНА
СӘЙКЕС, АУДАН ӘКІМІ ЕРНАР
ЕСІРКЕПОВ ҚҰРАМЫНА ҮШ БІРДЕЙ
ЕЛДІМЕКЕН КІРЕТІН АҚБҰЛАҚ
АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ АРНАЙЫ АТ
БАСЫН БҰРЫП, ТҰРҒЫНДАРМЕН
КЕЗДЕСТІ. КЕЗДЕСУГЕ
ТҰРҒЫНДАРДАН БӨЛЕК АУДАНДЫҚ
МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ ЕРБОЛ
ӘБУТӘЛІПОВ, АУДАН ӘКІМДІГІНЕ
ҚАРАСТЫ БӨЛІМ ЖӘНЕ МЕКЕМЕ
БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ.

Жиында аудан басшысы Ернар
Серікәліұлы өңірде атқарылып жатқан
жұмыстарды тізбектеп, болашаққа жоспарлаған ілкімді істерді де
таныстырды. Әсіресе, инвестиция,
құрылыс, инфрақұрылымды дамыту,
білім, спорт, әлеуметтік сала бойынша
жүзеге асып жатқан жемісті жобалар
жіпке тізілді.
Жалпы соңғы үш жылда Ақбұлақта
расыменде ауқымды жұмыстар жүзеге
асты. Олардың қатарына 15 келушіге
арналған емдеу мекемесін, спорт
кешенінің салынуы мен Р.Сәбденов
ауылындағы 1800-ден астам тұрғынның
таза ауыз сумен қамтылуын сөз етсек
болады. Айта кету керек, ауыз сумен
қамту жұмыстарына қаражат активтерді
қайтару және заңсыз алынған активтерді
экономикалық айналымға тарту
бағытындағы жүйелі жұмыстардың
нәтижесінде бөлініп, ауыз су жүйесі іске қосылды. Бұл – қайтарылған
активтердің халық игілігіне бағытталып,
әлеуметтік маңызы бар мәселелерді
шешуге жұмсалып жатқанының нақты көрінісі.
А қ б ұ л а қ т а ж а л п ы м е м ле к е т
тарапынан жоспарланған жұмыстар
ғана емес, тұрғындар тілегі де назардан
тыс қалмай, кезең-кезеңімен орындалып
келеді. Оған нақты мысал ретінде округ
құрамына кіретін Қызылшаруа ауылына
балабақша соғу және мектептің
қазандығын газға ауыстыру мәселесінің
оң шешім табуын айтсақ болады.
Жиын тек бір тарапта өтпей,
әдеттегідей аудан әкімінің баяндамасынан
кейін кезек тұрғындардың
өтініш-тілегіне де берілді. Тұрғындар
электр жарығы, жастар тәрбиесі,
тазалық және ауыз суға қатысты кейбір
мәселелерге мән беруді өтініп, өткен
жиналыстарда көтерілген мәселелердің
оң шешім тапқаны үшін алғыстарын
да жеткізді.
Жиын соңында аудан басшысы
тұрғындарды жеке де қабылдап, ауылдағы
бірқатар әлеуметтік нысандарды
аралады.

Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий