ӘРІ ұстаз, ӘРІ ұста АЗАМАТ

19 Views

Ауылда кәсіп бастау
оңай емес. Ал ұстаздық пен
кәсіпкерлікті қатар алып жүру
екінің бірінің қолынан келе
бермейді. Десе де еңбекқорлық
пен табандылықтың арқасында
кәсібін дөңгелетіп, өзгелерге
тұрақты жұмыс тауып беріп
жүрген азаматтар арамызда аз
емес. Солардың бірі – Жарлысу
ауылының тұрғыны, физика
пәнінің мұғалімі Азамат
Сәмбетқұлов.

Ол мектепте шәкірт тәрбиелеп қана қоймай, бос
уақытын тиімді пайдаланып, көлік құралдарына
арналған тіркеме жасауды табысты кәсіпке
айналдырған. Бүгінде оның шағын шеберханасы
өңірдегі сұранысқа ие өндіріс орнына айналып,
өнімдері еліміздің бірнеше облысымен қатар,
көршілес мемлекеттерге де экспорттала бастады.
Азамат Қадырбекұлының тіркеме жасау
кәсібімен айналысып келе жатқанына биыл
12 жыл толыпты. Алғашқы кезде ол бұл істі
жалғыз өзі бастап, айына бір ғана тіркеме
құрастырып, тәжірибе жинақтаған. Сапалы
әрі берік жасалған өнімдері көптің көңілінен
шығып, ауыл тұрғындарының қызығушылығын
тудырады. Ұ с т а з ды қ п ен к ә с і п к е р л і к т і
қатар алып жүруі кейіпкеріміздің
е ң б е к қ о р л ы ғ ы м ен і с к е р л і г і н і ң
айқын көрінісі. Қазіргі таңда шебер
дайындайтын бір тіркеменің құны
көлемі мен техникалық ерекшеліктеріне
қарай 600 мың теңгеден 1,5 миллион
теңгеге дейін жетеді. Ал табыстың
шамамен 20-25 пайызы шығындарға
кетеді.
Былтыр Азамат Сәмбетқұлов
«Ақәділ» жеке кәсіпкерлігі аясында
тіркеме жасайтын цех ашты. Бүгінде
өндіріс көлемі едәуір артып, ай сайын
20-25 тіркеме құрастыруға мүмкіндік
туып отыр. Қазіргі таңда цехта 12
азамат тұрақты жұмыспен қамтылған.
Қызметкерлердің жалақысы атқарған
жұмысының сапасы мен көлеміне қарай
250 мыңнан 400 мың теңгеге дейін
төленеді. – Тіркеме жасау үлкен жауапкершілікті
талап ететін жұмыс. Әр
тапсырыс берушінің өз талабы бар,
сондықтан өнімнің әр бөлшегі сапа
талаптарына сай болуы тиіс. Бүгінде
еліміздің өңірлерінен ғана емес,
Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан
да тапсырыстар түсуде.
Бұл өніміміздің шетел нарығына
шығып, экспорт көлемінің артып келе
жатқанын көрсетеді. Кәсіпкер ретінде
барлық салықтық міндеттемелер мен
өндірістік шығындарды уақтылы өтеп
келемін. Дегенмен өндірісті одан әрі
дамыту үшін мемлекеттік қолдау қажет.
Кәсіпкерлер палатасы туралы айтатын
болсам, бізге ең үлкен қолдауды дәл
осы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы
көрсетіп келеді. Олар түрлі жобаларға
қатыстырып, көрмелерге жіберіп,
ақпараттық әрі ұйымдастырушылық
қолдау білдіруде. Аудан әкімдігі мен облыстық кәсіпкерлер палатасы
тарапынан да үзбей қолдау көріп келе
жатырмыз. Егер жоспарларымыз жүзеге
асса, цехты жауапкершілігі шектеулі
серіктестік деңгейіне дейін кеңейтуге
мүмкіндік туады. Бұл өндіріс көлемін
арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс
орындарының ашылуына, қызметкерлер
саны мен олардың еңбекақысының
өсуіне де жол ашады. Алдымызға қойған
осы мақсаттарға кезең-кезеңімен қол
жеткіземіз деп сенемін, – деді кәсіпкер
Азамат Сәмбетқұлов.
Цехтағы еңбек өтілі жоғары ұсталардың
қатарында Береке Мамырқұловта
бар.
– Кәсіпорынға көрші ауылдан
қатынап жұмыс істеймін. Кезінде
елімізге белгілі кәсіпкер Сайранбай
Дөненбаев ауылдың өркендеуіне
елеулі үлес қосып, көптеген тұрғынды
тұрақты жұмыспен және баспанамен қамтыған еді. Бүгінде сондай игі
бастама осы кәсіпорын арқылы да
жалғасын тапқандай. Тіркеме шығаратын
жаңа цехтың ашылуы біз секілді
жергілікті халық үшін тұрақты табыс
көзіне айналып отыр. Осы кәсіпорында
еңбек етіп, тұрақты жалақы
алып, отбасымызды асырап отырмыз.
Ең бастысы туып-өскен ауылымызда
жұмыс істеп, кешкісін отбасымыздың
қасында боламыз. Бұл біз үшін үлкен
мүмкіндік
әрі қолайлы жағдай. Осындай
өндіріс орнын ашып, ауыл тұрғындарын
жұмыспен қамтып отырған
Азаматқа алғысымыз шексіз, – дейді
Б.Мамырқұлов.
Қазір айналамызда «бірдеңе істеу
керек еді» деп жүрген азаматтар көп.
Солар Азаматтың қарекетіне қарап бой
түзесе игі…
Сымбат ҚУАНЫШ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий