Чемпион Нұрмұхамедали

42 Views

Шілде айының 29-ы мен тамыз
айының 5-і күндері аралығында Өскемен
қаласында 2006-2009 жылғы
туған жастар арасында асық ату спортынан
командалық сайыста Қазақстан
чемпионаты өтті. Өскеменде ұйымдастырылған
осы ел біріншілігінде
Жамбыл облысының өрендері сәтті
өнер көрсетті. Атап айтсақ, Көгершін
ауылындағы Ақтоған шағын орталықты
орта мектебінің 10-сынып
оқушысы,
сондай-ақ, №24 балалар
мен жасөспірімдер спорт мектебінің
тәрбиеленушісі Абай Нұрмұхамедали
Ардақұлы Өскемендегі ел біріншілігінде
ерекше ойын мәнерімен көзге түсіп, асық
ату спортынан ел чемпионы атанды.
Нұрмұхамедалидің №24 балалар
мен жасөспірімдер спорт мектебінің
асық ату үйірмесіне қатысқанына 1 жыл
болған екен. Білікті жаттықтырушы
Ескендір Тегешовтан тәлім алатын
Нұрмұхамедали өзінің алғырлығы мен
жаттықтырушының тәжірибесі мен
телегей тәлімінің арқасында небары
1 жыл ішінде осындай жетістікке
жетіп отыр. Біз №24 балалар мен
жасөспірімдер спорт мектебінің асық
ату үйірмесінің жаттықтырушысы,
жауапкершілігі зор, білікті маман
Ескендір Тегешовқа да хабарластық.
Ол:
– Өскемен қаласында ұйымдастырылған
биылғы ел біріншілігі өте
жоғары деңгейде өтті. Өздеріңіз білетіндей,
бұл аудандық немесе облыстық
жарыс емес. Бұл жерге Қазақстанның
әрбір аймағынан қатысушылар
келіп,
бақ сынайды. Солардың арасында
біз де Жамбыл облысының атынан
сынға түстік. Нәтижені көріп, естіп,
біліп отырсыздар. Нұрмұхамедали
туралы айтар болсам, өте алғыр жігіт.
Ізденеді. Жаттығу барысында да айтқан
ескертпелелерімді бірден қағып алады.
Асық ату – қазақ халқының ұлттық
спорты екенін жұрттың көбісі біледі.
Нұрмұхамедали секілді алғыр жастар
ұлттық спортымыздың абыройын
асқақтатып жатса, біз үшін соның өзі
зор мәртебе. Шәкіртімнің жетістігімен
мақтанамын. Алда әлі де талай белестерді
бағындырады деген ойдамын, –
дейді
Ескендір Жайдарұлы.
Осыдан бірер жылдар бұрын
Ескендір Тегешовтан тәлім алған
Қарақат ауылының тумасы Ерсұлтан
Тоқтасын асық ату спортынан Әлем
чемпионы
атанғанын білесіздер. Біз
Нұрмұхамедалиға да сенеміз. Бастысы,
тіл көзден аман болсын. Нұрмұхамедалидың
спорттық мансабында әрқашан
сәттілік серігі болсын.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий