Жетісудан Батыс Қазақстанға дейін: 13 тамызда партиялар өңірлерде қандай жұмыстар атқарды

33 Views

Жетісудан Батыс Қазақстанға дейін: 13 тамызда партиялар өңірлерде қандай жұмыстар атқарды

«Әділет» партиясының республикалық штабы партия лидері Айбек Дәдебаймен бірге Жетісу облысында болып, бірқатар кездесу өткізді. Талдықорғанда энергетикалық инфрақұрылымға арналған бөлшектер шығаратын «DENK» ЖШС зауытында импортқа тәуелділікті азайту және отандық өндірушілер үшін қосылған құн салығын қайтару рәсімін жеңілдету мәселелері талқыланды. Ескелді ауданындағы қызылша алқабында аграршыларды қолдау шаралары, оның ішінде қант саласын дамыту бағдарламасын жалғастыру және ауыл шаруашылығын цифрландыру мәселелері сөз болды. Сол күні штаб өңірдің медицина қызметкерлерімен де кездесті.
Одан кейін штаб Алматы облысындағы жұмысын жалғастырды. Бұл – ел бойынша сапар аясындағы 15-ші өңір. «Galanz Bottlers» АҚ кәсіпорнында бизнестің жұмысшылар алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі талқыланды. Қонаев қаласында жұмыспен қамту, инфрақұрылым, бизнеске түсетін салық жүктемесі және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қоғам өкілдерімен кездесу өтті. Іле ауданында «БЕНТ» фирмасы» ЖШС ұжымымен кездесу ұйымдастырылды.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий