МЕДИАЦИЯНЫҢ тиімділігі

23 Views

Қоғамдағы кез келген дау мін­детті түрде сотқа жетуі тиіс
деген түсінік біртіндеп өзгеріп  келеді. Себебі құқықтық даудың
түпкі мақсаты әрқашан бір тараптың жеңіп, екінші тараптың
жеңілуі емес. Кей жағдайда тараптар үшін ең тиімді нәтиже
– өзара келі сімге келіп, дауды ұзаққа созбай тоқ тату. Осы тұрғыдан
алғанда, медиация – сот төрелігіне балама ғана емес, құқықтық
мәдениетті қалыптастыратын маңызды тетік.

Медиацияның басты ерекшелігі – шешімнің тараптарға сырттан
таңылмайтынында. Сотта судья қолданыстағы заң нормаларына
сүйене отырып шешім қабылдайды. Ал медиация кезінде тараптардың
өздері үшін қолайлы шешімді іздеуге мүмкіндігі бар. Бұл ретте медиатордың
міндеті – кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін анықтау емес, тараптардың
бір-бірінің ұстанымын түсінуіне және ортақ мәмілеге келуіне жағдай жасау.
Медиацияның тиімділігін тек аяқталған даулардың санымен бағалау
жеткіліксіз. Оның шынайы нәтижесі – тараптардың уақытын, қаржысын
және жүйке жүйесін қаншалықты сақтап қалғанымен өлшенеді. Бір
ғана дау бірнеше сот отырысына, шағымдар мен өтініштерге, уақыт пен
қосымша шығындарға әкелуі мүмкін. Ал өзара келісім арқылы шешілген
мәселе тараптардың қалыпты қарым-қатынасын сақтап қалуға мүмкіндік
береді.
Әсіресе отбасылық, еңбек, көр-шілік және мүліктік сипаттағы дауларда бұл тәсілдің маңызы зор. Өйткені мұндай дауларда тараптар сот шешімі шыққаннан кейін де бір-бірімен
қарым-қатынаста қалуы мүмкін. Мысалы сот белгілі бір мүлікті кімге
беру керектігін анықтауы мүмкін. Бірақ бұрынғы ерлі-зайыптылардың
немесе көршілердің арасындағы өзара түсініспеушілікті автоматты
түрде жоя алмайды. Медиация болса, құқықтық мәселені ғана емес, оның
артында тұрған қарым-қатынасты да ескеруге мүмкіндік береді. Сонымен
қатар медиация соттардың жұмыс жүктемесін азайтуға ықпал етеді.
Сотқа жүгінуге құқығы бар азаматтың дауды сотқа жеткізбей шешуі – сот
төрелігін әлсірету емес, керісінше сот жүйесінің мүмкіндігін неғұрлым
күрделі істерге бағыттауға жол ашады. Дегенмен медиацияны барлық даудың
әмбебап шешімі ретінде қарастыруға болмайды. Оның нәтижелі болуы
тараптардың ерікті түрде қаты суына, өзара келісімге дайын болуына және
медиатордың кәсіби шеберлігіне байланысты. Сондықтан медиацияны
дамыту тек заңнамалық мүмкіндіктерді кеңейтумен шектелмей, қоғамның осы
институтқа деген сенімін арттырумен қатар жүруі қажет.
Қорытындылай келе, медиацияның ең үлкен тиімділігі – дауды жеңіспен
аяқтауда емес, тараптарға өзара тиімді шешімге келуге мүмкіндік беруінде.
Сот әділдікті құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етсе, медиация сол әділдікті
келісім арқылы орнықтыруға жағдай жасайды. Сондықтан медиацияны
дамыту – даулардың санын азайту ғана емес, қоғамдағы дауласу мәдениетінен
келісу мәдениетіне көшуге жасалған маңызды қадам.
М.НҮСІПӘЛІ,
аудандық соттың бас маманы,
сот отырысының хатшысы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий