«111+ шешім», 13 мың шақырым, экологиялық іс-шаралар және бизнеспен жаңа кездесулер: бұл күн несімен есте қалды?
«111+ шешім», 13 мың шақырым, экологиялық іс-шаралар және бизнеспен жаңа кездесулер: бұл күн несімен есте қалды?
«Әділет» партиясы 17 тамызда сайлауалды бағдарламасын таныстыруды жалғастырды. Көтерілген тақырыптардың қатарында креативті индустрияларды дамыту, отандық өндірушілерді қолдау, қазақстандық компаниялардың мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуға қол жеткізуі, сондай-ақ білім беру мен түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бар.
Сонымен қатар партия «Әділет сөзі» жобасын жалғастырып, Астанада «Құрылтай — 2026: сараптамалық көзқарас» кездесуін өткізді. Онда азаматтардың өтініштері, әлеуметтік зерттеулер мен сараптамалық талқылаулар негізінде әзірленген «111+ шешім» құжаты таныстырылды.

