ТАҒАЙЫНДАУ
Шогалов Жарқынбек Амангелдіұлы аудан
әкімінің өкімімен аудан әкімдігінің тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің
басшысы болып тағайындалды.
Жарқынбек Амангелдіұлы 1976 жылдың
7 сәуірінде Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,
Суханбай ауылында дүниеге келген. 2015 жылы
Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар
достығы университетін «Құқықтану» мамандығы
бойынша, 2022 жылы Қазақ Еңбек және әлеуметтік
қатынастар академиясын «Экономика»
мамандығы бойынша, 2026 жылы академик
Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы
университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша
бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Т.Рысқұлов ауданындағы
«Аманалы» шаруа қожалығының мал дәрігері
болып бастаған. 2012-2017 жылдары
аудандық «Құлан малдәрігер» шаруашылық
жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының Ақыртөбе ауылдық округінің мал
сою алаңының малдәрігері, 2017-2020 жылдары
«Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария қызметі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорнының директоры болған.
2020-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің
ветеринария басқармасының Меркі ауданының
ветеринариялық станциясы шаруашылық
жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорнының директоры, 2021 жылдың
мамыр-қыркүйек айлары аралығында Меркі ауданы
әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің
басшысы, 2021-2022 жылдары Жамбыл
облысы, Жуалы ауданы әкімінің орынбасары
қызметін атқарған.
2022-2023 жылдары Жамбыл облысы, Байзақ
ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімінің басшысы, 2023-2024
жылдары Жамбыл облысы, Тараз қаласы әкімінің
бас инспекторы, 2024-2026 жылдары Жамбыл
облысы, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй
коммуналдық шаруашылық, жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының
орынбасары, 2026 жылдың сәуір-маусым айлары
аралығында Жамбыл облысы,
Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімінің бас маманы лауазымында
қызмет атқарған.

