Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Азаматтың басқа сайлау учаскесінде тіркелгені
және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы
бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілгені туралы
мәліметтер болмаған, сондай-ақ, Қазақстан
Республикасының аумағында тұрғылықты жері
бойынша тіркелмеген жағдайда, Т.Рысқұлов
аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төмендегіні
хабарлайды:
Тұрғылықты жері бойынша тіркеуге қою
үшін Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі №94
мекенжайында орналасқан «Т.Рысқұлов ауданы
әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
«Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйі»
ғимаратындағы №486 сайлау учаскесіне жүгіну
қажет.

