Заңгерлік кеңес – азаматтардың құқықтарын қорғау кепілі
Қоғамда әрбір азаматтың өз
құқықтары мен заңды мүдделерін білуі
және оларды қорғай алуы – құқықтық
мемлекеттің басты қағидаларының бірі.
Алайда әлеуметтік және отбасылық
өмірде – алимент өндіру, неке және
отбасы қатынастары, еңбек даулары,
әлеуметтік төлемдер, тұрғын үй мәселелері
сияқты құқықтық сұрақтар жиі
туындайды. Осындай жағдайда заңгерлік
кеңестің маңызы зор. Отбасын
қолдау орталығында көрсетілетін заңгерлік
кеңес азаматтардың құқықтық
сауаттылығын арттыруға, заң талап-тарын
дұрыс түсіндіруге және құқықтық
мәселелерді заң аясында шешуге
бағытталған.
Әрбір өтініш иесіне
жеке жағдайына сәйкес түсіндіру
жұмыстары жүргізіліп, қажетті құқықтық
бағыт-бағдар беріледі.
Әсіресе отбасы институтын нығайтуға
қатысты мәселелерде заңгерлік
қолдау маңызды рөл атқарады және
азаматтардың өз құқықтарын тиімді
жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Айта кетсек:
– балалардың құқықтарын қорғау;
– алимент өндіру;
– ата-ана міндеттері;
– тұрмыстық зорлық-зомбылықтың
алдын алу;
– әлеуметтік қолдау шаралары
бойынша көрсетілетін түрлі кеңестер.
Құқықтық көмекке дер кезінде
жүгіну көптеген көкейтесті түйткіл
мәселелер мен даулардың алдын алып,
қиындықтарды шешуге ықпал етеді.
Сондықтан қандайда бір құқықтық
қиындық туындаған жағдайда маманның
кеңесіне жүгінуден тартынбаған
жөн. Заңды білу – әр азаматтың қорғаны.
Ал сапалы заңгерлік кеңес –
құқықтарыңызды қорғаудың сенімді
кепілі.
Н.ҚАЛМАНБЕТОВ,
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
Отбасын қолдау орталығы»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің заңгері.
