Медиация – дауды сотқа жеткізбей шешудің тиімді тәсілі

14 Views

Қоғамда түрлі құқықтық және
әлеуметтік даулар мен тұрмыстық
келіспеушіліктер жиі кездеседі. Мұндай
жағдайларда мәселені сотқа
дейін өзара келісім арқылы шешудің
тиімді жолдарының бірі – медиация.
Медиация сөзі қазақ тіліне аударғанда
«бітімгершілік», «араағайындық» немесе
«дәнекерлік» деген мағыналарды
білдіреді.
Бұл термин латынның
«medius» (орташа, ортада тұрған,
екі жаққа да ортақ) және «mediatio»
(ортада болу, бітістіру) деген сөздерінен
шыққан. Қазақстан Республикасында
«Медиация туралы» № 401-IV санды
2012 жылдың 28 қаңтарында қабылданған
Қазақстан Республикасы заңы
қолданысқа енгізілген.
Құқықтық және әлеуметтік саладағы
медиация – бұл дауласушы екі жақтың
ортақ келісімге келуіне көмектесетін
процесс:
– араағайындық – екі жақтың
ешқайсысына бұрып кетпей, ортада
әділ болу;
– бітімгершілік – дау-жанжалды
сотқа жеткізбей, бейбіт жолмен, өзара
тиімді шарттармен шешу;
– дәнекерлік – қос тараптың
арасында алшақтап кеткен байланысты
немесе келіссөзді қайта жалғау.
Қазақ халқының дәстүрлі тарихындағы
«Тура биде туған жоқ» деген
қағидасы қазіргі медиацияның ең
айқын
мысалы болып табылады.
Медиация – тараптардың ерікті келісімі
негізінде бейтарап медиатордың
қатысуымен дауды бейбіт жолмен реттеу рәсімі. Оның басты артықшылығы
– уақыт пен қаржыны үнемдеу, тараптардың
өзара қарым-қатынасын сақтап
қалу және екі жаққа да тиімді шешімге
қол жеткізу. Әсіресе отбасы
дауларында
медиацияның маңызы
зор. Некені бұзу, балаларды тәрбиелеу,
алимент
төлеу, мүлікті бөлу сияқты
мәселелерді
өзара түсіністікпен шешу
әр отбасы мүшелерінің психологиялық
жағдайына оң әсерін тигізіп, отбасы
мүшелері арасындағы сыйластықтың
сақталуына
ықпал етеді. Отбасын
қолдау
орталығында азаматтарға құқықтық
кеңес беріліп, медиацияның
мүмкіндіктері түсіндіріледі. Қажет
болған
жағдайда тараптарға медиация
көмегіне жүгінудің маңыздылығы мен
мәні, ұғымы мен тиімділігі туралы
кеңес
беріледі. Дауды ушықтырмай,
келісімге келу – құқықтық мәдениеттің
және жауапкершіліктің көрінісі.
Медиация қызметін талап ететін
істерге әрбір азамат өз құқығын қорғаумен
қатар, дау-дамайды бейбіт
жолмен шешудің артықшылықтарын
ескергені жөн. Медиация – татулық
пен тұрақтылыққа бастайтын тиімді
құқықтық құрал.
Н.ҚАЛМАНБЕТОВ,
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
Отбасын қолдау орталығы»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің заңгері.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий