Баланың қауіпсіздігі – қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Views

Бала – әрбір отбасының ғана емес, тұтас қоғамның ең қымбат
құндылығы. Оның өмірі мен денсаулығын, құқықтары мен қауіпсіздігін
қорғау – ата-ананың, мемлекеттік органдардың, білім беру, денсаулық
сақтау ұйымдарының және әрбір азаматтың ортақ міндеті.

«Қазақстан Республикасындағы
Бала құқықтары туралы» ҚР 2002
жылғы 8 тамыздағы № 345-II заңы
аясында Балалар қауіпсіздігі қорғалады
және Біріккен Ұлттар Ұйымының
Бас Ассамблеясы 1989 жылдың 20
қарашасында қабылдаған «Бала құқығы
туралы Конвенциясы» әлемдік деңгейде
қолданыста болып, осы халықаралық
Бас құжатқа Қазақстан Республикасы
1994 жылдың 16 ақпанында қол қойған,
1994 жылдың 11 қыркүйегінде ресми
түрде күшіне енген. Сонымен қатар
жыл сайын 20 қарашада Бүкіләлемдік
балалар күні аталып өтеді.
Алайда еліміздің жер-жерінде
орын алған балаларға қатысты зорлық-
зомбылық, қараусыз қалу, интернеттегі
қауіптер мен құқық бұзушылықтар
әлі де кездеседі. Мұндай
жағдайлардың
алдын алу үшін құқықтық
сауаттылықты арттыру, бала
тәрбиесінде
жауапкершілікті күшейту
және қиын жағдайға тап болған отбасыларға
дер кезінде қолдау көрсету
аса
маңызды.
Қазақстан Республикасының
заңнамасына
сәйкес, әрбір бала: – қауіпсіз ортада өмір сүруге;
– білім алуға және өз ойын еркін
жеткізуге;
– денсаулығын сақтауға;
– құқықтарының қорғалуына құқылы.
Бұл құқықтардың сақталуы – баршамыздың
азаматтық жауапкершілігіміз.
Егер балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың,
қатыгез қарым-қатынастың
немесе оның құқықтарының бұзылуының
куәсі болсаңыз, бей-жай қалмаңыз.
Уақтылы хабарлау мен қолдау көрсету
– баланың өмірі мен болашағын сақтап
қалуға ықпал етеді.
Бала қауіпсіздігі – бүгінгі қамқорлық
қана емес, ертеңгі қоғамның берік іргетасы
болып табылады.
Н.ҚАЛМАНБЕТОВ,
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
Отбасын қолдау орталығы»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің заңгері.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий