ҚОЛДАУ – қиындықты еңсерудің басты тірегі

15 Views

Қандай отбасы болмасын өмірдің түрлі сынақтарына тап болуы
мүмкін. Жұмыссыздық, әлеуметтік-тұрмыстық қиындықтар, денсаулық
мәселелері немесе басқа да жағдайлар отбасының әл-ауқатына әсер етеді.
Осындай кезеңде дер кезінде көрсетілген жан-жақты қолдау олардың
еңсесін тіктеп, қоғамдағы өз орнын қайта табуына мүмкіндік береді

Осы мақсатта аудандық Отбасын
қолдау орталығының мамандары
Тереңөзек ауылдық округінде зерделеу
жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде
қиын өмірлік жағдайға тап болған
12 отбасы анықталып, әлеуметтік
сүйемелдеуге алынды. Әрбір отбасының
әлеуметтік жағдайы жан-жақты зерделеніп,
жеке қажеттіліктеріне сәйкес
қолдау көрсету жоспары әзірленді.
Сүйемелдеу барысында отбасыларға
әлеуметтік, психологиялық және заңгерлік
көмектер көрсетілді. Мамандар
мемлекеттік қолдау шаралары мен
әлеуметтік төлемдер туралы түсіндіру
жұмыстарын жүргізіп,
жұмыспен қамту,
атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй
әлеуметтік төлемдер туралы түсіндіру
жұмыстарын жүргізіп,
жұмыспен
қамту, атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын
үй мәселелері бойынша кеңестер берді.
Сонымен қатар психологтар отбасы
мүшелерімен жеке және топтық кездесулер
өткізіп, қиындықтарды еңсеруге
бағытталған психологиялық қолдау
көрсетті. Заңгерлер құқықтық мәселелер
бойынша түсіндірме жұмыстарын
жүргізіп, қажетті құжаттарды рәсімдеуге
жәрдемдесті.
Мұндай кешенді жұмыстардың
нәтижесінде отбасылардың әлеуметтік
бейімделуіне, тұрмыс сапасының жақсаруына
және өз күшіне деген сенімінің
артуына ықпал етілуде. Ең бастысы –
олар өз мәселелерімен жалғыз қалмай,
уақтылы қолдау алып, болашаққа
сеніммен қарауға мүмкіндік алды.
Отбасын қолдау орталығының
басты
мақсаты – тек көмек көрсету
ғана емес, қиын өмірлік жағдайға тап
болған азаматтардың өмірлік белсенділігін
арттырып, оларды қоғам
өміріне бейімдеу. Осы бағыттағы
жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі
түрде жалғасып, халықтың әлеуметтік
әл-ауқатын арттыруға өз үлесін қоса
бермек.
Берік отбасы – берекелі қоғамның
негізі. Сондықтан әрбір отбасының
бақыты мен әл-ауқаты – мемлекет пен
қоғамның ортақ құндылығы. Қолдау
мен қамқорлықтың арқасында қиындықты
еңсерген әрбір отбасы – ел болашағының
жарқын кепілі.
Р.НАБИКУЛОВА,
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
Отбасын қолдау орталығы»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің әлеуметтік қызметкері.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий