Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – әр азаматтың жауапкершілігі

41 Views

Қоғамның тұрақтылығы мен мемлекеттің
өркендеуі – отбасының амандығынан
басталады. Отбасы – ұрпақ
тәрбиесінің алтын бесігі, ұлттық
құндылықтар
мен адамгершілік қасиеттер
қалыптасатын қасиетті орта.
Сондықтан отбасыдағы татулық пен
өзара сыйластықты сақтау – әрбір азаматтың
ортақ міндеті.Өкінішке қарай,
тұрмыстық зорлық-зомбылық қазіргі
қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі
болып қала беруде.
Зорлық-зомбылықтың физикалық,
психологиялық, экономикалық және
басқа да түрлері адамның денсаулығына,
өміріне, балалардың тәрбиесіне
және қоғамның дамуына кері әсер
етеді.
Сондықтан мұндай құқық бұзушылықтың
алдын алу – мемлекет пен
қоғамның
басты міндеттерінің бірі.
Қазақстан Республикасында тұрмыстық
зорлық-зомбылыққа қарсы
іс-қимылды күшейту бағытында заңнамалық
өзгерістер қабылданып, жәбірленушілердің
құқықтарын қорғау
шаралары
кеңейтілуде. Бұл жұмыстарға
құқық қорғау органдарымен қатар әлеуметтік
қорғау, білім беру, денсаулық
сақтау
салалары және азаматтық қоғам
институттары
белсенді қатысуда.
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
Отбасын
қолдау орталығы аудан тұрғындары
арасында отбасы құндылықтарын
насихаттау, тұрмыстық зорлық-
зомбылықтың алдын алу және
өмірлік қиын жағдайға тап болған
азаматтарға
жан-жақты қолдау көрсету
бағытында
тұрақты жұмыстар жүргізіп
келеді.
Орталық мамандары ауылдық округтерде
ақпараттық-түсіндіру кездесулерін
өткізіп, құқықтық, психологиялық және
әлеуметтік кеңестер береді. Сонымен
қатар мемлекеттік органдармен және
басқа да мекемелермен бірлескен
профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.
Әрбір азамат зорлық-зомбылықтың
кез келген түріне бей-жай қарамауы
тиіс. Егер отбасыда немесе айналаңызда
зорлық-зомбылық белгілері байқалса,
үнсіз қалмай, тиісті органдарға хабарлау
– азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
Уақтылы көрсетілген көмек көптеген
отбасының
сақталуына және адамның
өмірі мен денсаулығын қорғауға ықпал
етеді.
Осы орайда Т.Рысқұлов ауданы
әкімдігінің Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
Отбасын қолдау орталығы
тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын
алудың ең тиімді жолы – отбасында
өзара құрмет пен түсіністікті
нығайту,
балаларды мейірімділікке,
жауапкершілікке және адамгершілікке
тәрбиелеу.
Әрбір ата-ана балаға дұрыс тәрбие
беріп, дау-дамайды бейбіт жолмен
шешудің
үлгісін көрсетуі қажет.
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің Отбасын
қолдау орталығы аудан тұрғындарын
отбасы институтын нығайтуға,
зорлық-зомбылыққа жол бермеуге
және қауіпсіз қоғам қалыптастыруға
белсенді атсалысуға шақырады. Өйткені
отбасының бақыты – елдің бақыты.
Ал
бейбіт қоғам – ортақ еңбектің
нәтижесі.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың
алдын алу – әр азаматтың жауапкершілігі.
Зорлық-зомбылыққа жол жоқ.
Әрбір азаматтың үнсіз қалмауы – бір
отбасының тағдырын өзгертуі мүмкін.
Г.ЖИЕНБАЕВА,
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
Отбасын қолдау орталығы»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің әлеуметтік жұмыс
жөніндегі маман.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий