Түнгі тыныштықты бұзғандарға қандай жаза бар?
14 ViewsТыныштықты бұзған азаматтарға ескерту жасалады немесе айыппұл салынады. Түнде қатты музыка қою, жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе айғайлап, көршілердің мазасын алу – заң бойынша жауапкершілікке…
Тұрар Рысқұлов ауданының соты
жеке сот орындаушысының борышкердің
жүргізуші куәлігін қолданылуын
уақытша тоқтата тұру туралы ұсынысын
қарады.
ЖСО сотқа борышкердің атқарушылық
іс жүргізу бойынша міндеттемелерін
орындамауына байланысты ұсыныспен
жүгінді. Борышкердің банк алдындағы
қарызы 11,9 миллион теңгені құрайды.
Сотта азамат жүргізуші куәлігін тоқтатуға
қарсылық білдірді. Ол 2017 жылдың маусым айынан бастап
ЖШС-те жүргізуші болып жұмыс бөліістейтінін,
ал көлік құралын басқару мүмкіндігінен айырылу жұмысынан
айырылып, қарызын өтеу мүмкіндігіне әкеп соғатынын түсіндірді.
Сот атқарушылық іс жүргізу материалдары
мен ұсынылған құжаттарды зерттеп, жүргізуші куәлігі борышкерге
өзінің еңбек міндеттерін орындау үшін қажет екенін, ал жүргізуші
ретінде жұмыс істеу оның жалғыз табыс көзі болып табылатынын анықтады.
Сот борышкерге қатысты мұндай
шараны қолдану негізделген және істің
нақты мән-жайларын ескеруі керек деп атап өтті.
Сот ұйғарымымен ЖСО ұсынысын қанағаттандырудан бас тартылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
«ҚҰЛАН ТАҢЫ» АҚПАРАТ.