КӨКДӨНЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ ҮМІТКЕР АТАБАЕВ ТӨЛЕГЕН АЛПАМЫСҰЛЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ МЕН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

17 Views

Атабаев Төлеген Алпамысұлы 1977 жылдың
26 қыркүйегінде Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов
ауданы, Көкдөнен ауылында дүниеге келген.
1994-1998 жылдар аралығында Алматы қаласындағы
Абай атындағы Мемлекеттік университетте
оқыған. 1999-2000 жылдар аралығында
Өскемен қаласындағы 3477 әскери бөлімінде
Отан алдындағы борышын өтеп, мерзімдік қызмет
атқарған. 2000-2013 жылдар аралығында
Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік
Комитетінде
шекара қызметін атқарып, майор
шенін алған.
2013 жылы Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштер қорына шығарылған. 2013-2018
жылдары
әр түрлі салада қызмет атқарды.
2018 жылдың 10 қазанында Жамбыл облысы,
Т.Рысқұлов ауданы, Көкдөнен ауылдық окруі
әкімі болып тағайындалған. 2022 жылдың 25
қыркүйегінен
бастап, осы күнге дейін Жамбыл
облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Көкдөнен ауылдық
округі әкімі қызметін атқарған.
Отбасылы. Аяулы жары екеуі 5 бала
тәрбиелеуде.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті сайлаушылар! Егер мен сіздердің
сенімдеріңізге ие болып, Көкдөнен ауылдық
округінің әкімі болып сайлансам, алдағы 4 жылда
төмендегі мәселелерді шешу үшін өзімдегі бар
біліміммен күш жігерімді жұмсаймын деп айта
аламын.
1. Жоспарымда «Туған жерге туыңды тік»
ұранымен ауылдан шыққан кәсіпкерлермен
жұмыс жүргізу. Ауылдың бюджетін көтеруге ықпал жасау.

2. Жұмыссыздықтың алдын алу мақсатында
сол ашылған кәсіпорындарға ауыл тұрғындарын
жұмысқа тарту, жұмыспен қамту мүмкіндіктерін
қарастыру.
3. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында
ауыл тұрғындарына кәсіп бастауға қолдау көрсету,
мал шаруашылығын дамыту, жұмыс орындарын
ашуға ықпал жасау.
4. Ауылішілік жолдарды кезең-кезеңімен оның
ішінде Көкдөнен ауылы бойынша Қ.Сүлейменов
көшесіне (2,1 шақырым) Жақсылық ауылы
бойынша Б.Зәуірбеков көшесіне (2,1 шақырым),
Ж.Қапалбаев көшесіне (1,3 шақырым), К.Абахов
көшесіне (1,5 шақырым) және Жамбыл көше
бұрылысына (дәу жол-1 шақырым) күрделі жөндеу
жұмыстарын жүргізу.
5. Көшелерді жарықтандыру мәселесін шешу.
6. Көкдөнен ауылына ауыл тұрғындарының
спортқа қол жетімділігін арттыру мақсатында
дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға
ықпал жасау.
7. Жақсылық ауылында орналасқан әкімшілік
теңгеріміндегі спорт үйірмесін жаңартуға ықпал
ету.
8.Жақсылық ауылына «Жасыл желек» бағдарламасы
аясында 5 гектар жерге тал дарақтар егу.
9. Ауыл аумағын санитарлық тазалықта ұстау;
10. Әлеуметтік осал отбасыларды тұрақты
назарда ұстау;
11.Балалар ойын алаңдары мен спорттық
нысандарды жақсарту;
12. «Таза Қазақстан» қағидаттарын тұрақты
түрде жүзеге асыру.
Менің басты қағидам:
«Әкімдік – халықтан бөлек емес, халықпен
бірге жұмыс істеуі керек».
Осы мақсатта:
– тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу;
– әрбір азаматтың өтінішін тыңдау және оның
орындалуын бақылау;
– ауылдың өзекті мәселелері бойынша
қоғамдық талқылаулар ұйымдастыру;
– әкімдік жұмысының ашықтығын қамтамасыз
ету;
– бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты
жұмсалуына қоғамдық бақылауды күшейту;
– әрбір бастаманың нақты нәтижеге
бағытталуын қамтамасыз ету.
Мен үшін ең басты құндылықтар – заң мен
тәртіп, халықтың әл-ауқаты, әділдік, ашықтық
және нақты нәтиже. Сіздерді 13 қыркүйекте
өтетін ауылдық округ әкімі сайлауына белсене
атсалысуға шақырамын.

 

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий