Ардагер – ел бірлігінің алтын діңгегі
14 Views«Қарты бар елдің – қазынасы бар» дейді дана халқымыз. Бұл – жай ғана айтылған сөз емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өмірлік ұстаным. Өйткені қария…
Ұлым Нұрасылдың 18 жасқа толып, Қарақыстақ мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығымен қоштасатын сәті мен үшін ерекше толқынысқа толы болды. Қуанышпен бірге қимастық та бар. Себебі осы орталық біздің отбасымызға, Нұрасылдың өміріне үлкен із қалдырды.
Нұрасыл орталық ашылғаннан бері емдік шаралар қабылдап, түрлі мамандардың көмегімен көптеген дағдыларды меңгерді. Оның әрбір жетістігінің артында орталық қызметкерлерінің еңбегі, шыдамдылығы мен мейірімі тұр.
Ана ретінде кейде алаңдап, үмітіміз әлсіреген сәттер де болды. Сондай кездерде мамандардың жылы сөзі мен қолдауы бізге күш берді. Әрқайсының балаға деген ықыласы мен қамқорлығы көңілімде мәңгі сақталады.
Осы ретте Гүлхан Тұрсымбаева, Адилет Манкеев, Эльмира Мамиреева, Жанар Мырзакулова, Насиба Тоштемирова, Алибек Ртаев, Қабылет Ахметов, Ляззат Бақбергенова, Айгерим Жүнісбекова, Айгерим Бақтығалиева, Айгүл Жанақбаева, Елена Ситникова, Мөлдір Кузембаева, Алтынай Жанпейісова, Ботагөз Кабаева, Гүлмайра Ақылбаева, Алтынкүл Есеналива, Асия Мырзагельдиева, Ғалия Нұрманалиева, Макбал Сайлыбаева, Еңлік Үкіметова, Гүлмира Азимханова, Балжан Танекеева, Аруна Орманова, Динара Төлеген, Лаура Райкулова, Жасұлан Инкарбековке шын жүректен алғысымды білдіремін.
Сіздердің әрқайсыңыздың еңбектеріңіз бен Нұрасылға көрсеткен қамқорлықтарыңыз біз үшін өте қымбат. Осы жылдар ішінде балаға ғана емес, ата-анаға да демеу болдыңыздар. Сіздерді ешқашан ұмытпаймыз.
Бүгінде Нұрасылдың жаңа өмір кезеңі басталғалы тұр. Осы тұста бір маңызды мәселені де айтқым келеді. 18 жастан асқан ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған оңалту орталығы Т.Рысқұлов ауданында жоқ. Кәмелетке толғаннан кейін де мұндай азаматтарға оңалту, бейімдеу және әлеуметтік қолдау қажет. Сондықтан ауданда ересектерге арналған оңалту орталығы ашылса, бұл көптеген отбасы үшін үлкен көмек болар еді.
Әр баланың жетістігі – ата-ана үшін үлкен қуаныш. Ал сол жетістікке жетелейтін жандардың еңбегі қашанда бағалы.
Қарақыстақ оңалту орталығының барша ұжымына аналық жүрегіммен мың алғыс айтамын. Алла еңбектеріңізді еселеп қайтарсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық берсін. Ерекше балаларға сыйлаған мейірімдеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын!
Ізгі ниетпен, Нұрасылдың анасы Дария Асылбекқызы.