Ардагер – ел бірлігінің алтын діңгегі
14 Views«Қарты бар елдің – қазынасы бар» дейді дана халқымыз. Бұл – жай ғана айтылған сөз емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өмірлік ұстаным. Өйткені қария…
Мемлекеттік қызметтер көрсету – әкімдік пен халық арасындағы сенімді нығайтудың және ашықтықты қамтамасыз ететін негізгі бағыттардың бірі. Ауылдық округ әкімінің аппараты өз құзыреті шеңберінде азаматтарға күнделікті қажетті әлеуметтік, анықтамалық және шаруашылық бағыттағы қызметтерді көрсетуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін негізгі мемлекеттік қызметтер түрлері:
• Анықтамалар мен құжаттар беру. Тұрғылықты жері бойынша анықтамалар, мал ұстайтынын растайтын құжаттар немесе ауыл шаруашылығына қатысты растамалар беру.
• Әлеуметтік көмек және қолдау. Тұрмысы төмен отбасыларға немесе жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау жұмыстарына құжаттар қабылдау.
• Жер қатынастары. Елді мекен аумағынан жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелерін беру, жердің нысаналы мақсатын өзгерту, жер кезегіне қою, жердің ақысын бірден немесе бөліп төлеу арқылы беру, сауда-саттықты талап етпей мемлекеттік меншіктегі жерді алу.
Бүгінгі таңда тұрғындар үйден шықпай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы немесе арнайы мобильді қосымшалар көмегімен өтініш бере алады. Бұл уақытты үнемдеп, бюрократиялық кедергілерді жоюға мүмкіндік береді.
Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты.