Ардагер – ел бірлігінің алтын діңгегі
15 Views«Қарты бар елдің – қазынасы бар» дейді дана халқымыз. Бұл – жай ғана айтылған сөз емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өмірлік ұстаным. Өйткені қария…
«Қарты бар елдің – қазынасы бар» дейді дана халқымыз. Бұл –
жай ғана айтылған сөз емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан
өмірлік ұстаным. Өйткені қария – кешегі күннің куәгері ғана емес,
бүгінгі күннің де ақылшысы. Оның маңдай термен өткен еңбек жолы,
өмірден түйгені, ел басынан өткерген талай кезеңнен алған тағылымы
– кейінгі буын үшін баға жетпес мектеп.
Қазақ қоғамында үлкенге құрмет
көрсету қашанда тәрбиенің өзегі
болған. «Үлкеннің батасын алмай, іске
кіріспе» деп өскен ұрпақ қарияның
бір ауыз сөзін жол көрсететін бағдар
санаған. Бүгінде заман өзгергенімен,
осы құндылықтың мәні өзгерген жоқ.
Тұрар Рысқұлов ауданында да ел
ағалары мен ақ жаулықты әжелердің
қоғамдық өмірдегі белсенділігі көңіл
қуантады. Олар ауылдың тыныс-
тіршілігіне
араласып қана қоймай,
қайырымдылыққа
мұрындық болып,
жастар тәрбиесіне үлес қосып, ұлттық
құндылықтарды дәріптеп келеді.
Осыған орай Т.Рысқұлов аудандық
ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан
Бижановпен тілдесіп, аудан
ардагерлерінің
атқарып жатқан жұмыстары
мен алдағы міндеттері жөнінде
әңгімелескен едік.
Бүгінде Т.Рысқұлов аудандық ардагерлер
Кеңесінің құрамында 43 бастауыш
ардагерлер ұйымы жұмыс істейді.
Бұл ұйымдарға 7441 зейнеткер
мүше.
Әр ауылдағы бастауыш ұйымдар
жергілікті
әкімдіктермен, қоғамдық
ұйымдармен, кәсіпкерлермен және
жастармен
тығыз байланыс орнатып,
елдік мәселелердің оң шешім табуына
өз үлестерін қосып келеді.
Ардагерлер ұйымының жұмысы
белгілі
бір мерекеде бас қосып, жиын
өткізумен ғана шектелмейді. Қарттардың
жағдайын білу, әлеуметтік
мәселесіне назар аудару, мұқтаж жанға
қол ұшын созу, жастарға ақыл-кеңес
беру – күнделікті жұмыстың бір бөлігі.
Әсіресе жалғызбасты, денсаулығына
байланысты
қиындыққа тап болған,
тұрмысы
төмен қарияларға көмек
көрсетуге ерекше
көңіл бөлінеді.
Мәселен, Ақыртөбе ауылында зейнеткер
Райса Ибраймованың үйіне
600 мың теңгеге газ кіргізіліп, жаңа
пеш орнатылған. Сондай-ақ, Сергей
Казаковтың
үйіне 400 мың теңгеге газ
жүргізілген. Мұның сыртында ауыл
ақсақалдарының бастамасымен демеушілердің
қолдауына сүйеніп, балалар
ойын алаңын салу жұмыстары да қолға
алынған.
Қарты бар елдің – қазынасы бар
Абай ауылында бес зейнеткер
демеушілер
есебінен сауықтыру
орнына барып қайтса, 57 зейнеткер
туыстарының қолдауымен емделіп
келген. Ауылда әр бейсенбі және
жұма сайын көпбалалы отбасыларға
70-100 нан таратудың да игі дәстүрге
айналғаны көңілге жылу ұялатады.
2024 жылы денсаулығына байланысты
қиын жағдайға тап болған үш
азаматқа 3 миллион теңге көлемінде
көмек көрсетілсе, 2025 жылы үш ауыл
тұрғынына 4 миллион теңге көлемінде
демеушілік көмек берілген.
Көкдөнен ауылында да қайырымдылық
шаралары жүйелі жүргізіледі.
Ақсақалдардың
бастамасымен депутат
Е.Сақпанқұловтың
демеушілігі арқылы
бірінші
топтағы мүгедек Жұмаділ
Нұрбаевтың
үйінің шатырына күрделі
жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оған
1 миллион 500 мың теңге жұмсалған.
Ал Роза Құрашеваның қайырымдылық
көмегімен тұрмысы төмен 20 отбасыға
100 мың теңгеден қаржылай көмек
берілген.
Жаңатұрмыс ауылында да ауыл ақсақалдарының
бастамасымен көпбалалы,
жағдайы төмен бір отбасыға ауыл тұрғындарының
көмегімен 3 миллион 200
мың теңгеге үй сатып алынып, оған газ
бен су кіргізілген.
Мұндай мысалдар ардагерлердің ел
ішіндегі
қайырымдылық мәдениетін
қалыптастыруға
да өзіндік үлес қосып
отырғанын
көрсетеді.
Жастарға жол сілтеген
аға буын
«Әке көрген – оқ жонар, шеше
көрген – тон пішер» дейді қазақ. Аға
буынның өмір жолы мен тәжірибесі
кейінгі ұрпақ үшін қашанда қажет.
Осыны жақсы түсінетін аудан ардагерлері
жастар тәрбиесіне де ерекше мән
беріп келеді. Мектептер мен колледждерде
кездесулер өткізіп, Отанға деген
сүйіспеншілік, еңбекқорлық, үлкенді
сыйлау, ұлттық салт-дәстүрді сақтау
жөнінде әңгімелер айтылады.
Әсіресе Ауған соғысы ардагерлері
мен тыл еңбеккерлерінің жастармен
кездесулерінің
тәрбиелік мәні зор.
Кезінде Отан алдындағы борышын
атқарып, ел үшін ерлік көрсеткен азаматтардың
өмір жолын тыңдау – жас
ұрпақ
үшін тағылымды сабақ. Ал тыл
еңбеккерлерінің
қиын-қыстау кезеңдегі
еңбегі де кейінгі буынға өнеге.
Есепті кезеңде ардагерлер мен жастардың
қатысуымен 30-ға жуық тәрбиелік,
мәдени және патриоттық іс-
шара өткізілген.
Ардагерлер ұйымы жанынан құрылған
Әкелер кеңесі, Аналар кеңесі және
Билер кеңесі де қоғамдық жұмыстарға
белсене
араласуда.
Әсіресе Аналар кеңесінің жұмысы
жүйелі жолға қойылған. Кеңес төрайымы
Түзел Алагөзованың бастамасымен
барлық ауылдарда, білім беру
ұйымдары мен балабақшаларда тағылымдық
шаралар ұйымдастырылып
келеді. Осы тәжірибені облыс көлемінде
тарату мақсатында 2025 жылдың
ақпан айында ауданда «Ана – ұлттың
айнасы» атты облыстық аналар форумы
өткізіліп, оған облыстың барлық
аудандарынан өкілдер қатысты.
Әкелер
кеңесін Мырзабек Маңғұтов
басқарып, мектептердегі тәрбие жұмыстарына
әкелерді көбірек тартуға
күш салып келеді. Ал Билер кеңесінің
жұмысын Серік Сәлімбаев
жандандыруда.
Ауданның
әр ауылында елдік
іске белсене араласып жүрген
көшелі
қариялар бар. Қайыңды ауылынан
Мейірқұл Скендіров, Тереңөзектен
Жолдас Қайнарбаев, Жарлысудан
Кәдірбек Жапарқұлов, Көгершіннен
Серік Өтегенов, Қарақыстақтан
Алпысбай
Оразбаев, Қазақ ауылынан
Өмен Ниязқұлов, Рахым Сәбденов
а у ы л ы н а н Қ ы р қ
ы н б а й Ә д е н о в ,
Д.Қонаев ауылынан Есен Бекенов,
Көкдөненнен Кәрібоз Ағыбаев,
Жақсылықтан Ануарбек Тұрманбетов, Ақыртөбеден Сатыбалды Иманалиев
сынды ел ағалары ауылдағы
бастауыш
ұйымдардың жұмысына
белсене араласып
келеді. Ауданның ең ірі ардагерлер
ұйымдарының
бірі – Құлан
ауылдық ардагерлер ұйымы. Мұнда
2081 зейнеткер бар. Құландық қариялар
аудан көлемінде өтетін қоғамдық іс-
шаралардың
бел ортасынан көрініп,
ел бірлігі мен қоғамдық келісімді
сақтауға
өз үлестерін қосып жүр.
Бұл бағытта Райзо Шәділбеков, Бейсенбай
Таңбаев, Омар Нұрмашев, Жекен
Мәткерімов секілді қариялардың
еңбегін ерекше атауға болады.
Ардагерлердің белсенділігі қоғамдық
жұмыстармен ғана шектелмейді Олар бас қосып, тарихи және киелі
орындарға саяхат жасап, рухани тынысын
кеңейтіп келеді. Мәселен,
Құлан ауылының ардагерлері өз
ұйымдастыруларымен
Ақыртас пен
Топағаш секілді тарихи
орындарға барып,
тағылымдық жұмыстар атқарып
жүр. Көркемөнерпаздар
байқауында
да аудан ардагерлері жақсы нәтижелер
көрсетіп
жүр. Қорағаты ауылының
ардагерлер
төрағасы Рыскожа Нәжетов
бірінші, Тереңөзек ауылынан
Жолдас Қайнарбаев екінші, Көгершін
ауылының зейнеткері Нысанбай
Таукенов
үшінші орын алған. 2025
жылы аудандық көркемөнерпаздар
байқауында жеңімпаз атанған Пірімқұлова
Гүлназия, Серікбаева Роза,
Молдасанова Ирита облыстық байқауда
да жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Спортта да белсенді ардагерлер аз емес.
Асық атудан Тереңөзек ауылының
зейнеткері Мейірқұл Расылхан облыс
чемпионы атанса, үстел теннисінен
Егембердиев Мэлс пен Паршукова
Вера үздіктер қатарынан көрінуде.
Волейболдан Әлпейісов Бейсенбек
бастаған ардагерлер де спорттық
додаларда аудан намысын қорғап
жүр. Өнерсүйер қариялардың басын
біріктірген «Құлан қазынасы», «Сұлутөр
», «Сударушка» ансамбльдері
де көрерменнің көңілінен шығып
келеді. Құлан, Көгершін, Көкдөнен,
Қызылшаруа ауылдарындағы әжелер
ансамбльдері мәдени шарал
а р д ы ң с ә н і н к е л т і р і п ж ү р .
Ардагерлер
кеңесінің ауылдардың
қоғамдық
өміріне белсенді араласуы
елді мекендердің көркеюіне де әсер
етіп отыр. Абай ауылы бірнеше жыл
бұрын
«Үлгілі ауыл» байқауында
жақсы
нәтиже көрсетіп, жүлдеге ие болды. Ауылдағы ардагерлер ұйымы
мен Билер кеңесінің жұмысы облыс
көлемінде жоғары бағаланып, олардың
тәжірибесін басқа ауылдарға тарату
жөнінде шешім қабылданған.
Ақыртөбе ауылы да «Үлгілі ауыл»
байқауында облыста екінші орын алып,
25 миллион теңге көлемінде
сыйлыққа
ие болды. Мұндай жетістіктер
– ауыл
әкімдігі, ардагерлер, қоғамдық
ұйымдар
мен тұрғындардың өзара бірлігінің
нәтижесі. Аудандық
ардагерлер ұйымының
жұмысы облыс көлемінде де
жоғары бағаланып келеді. 2022 жылы
облыс бойынша үшінші орынға ие
болса, 2023 жылы бас жүлдені жеңіп
алған. Ал 2024 жылы Тараз қаласынан кейінгі бірінші орынды иеленген.
Қожайхан Бижановпен әңгіме барысында
байқағанымыз – ардагерлер
ұйымының жұмысы тек бүгінгі мәселелерді
шешуге емес, ертеңгі күнге
бағытталған. Аудандық
ардагерлер
кеңесінің төрағасы аға буын мен жас
ұрпақ арасындағы байланысты одан
әрі нығайтудың маңызын атап өтті.
Өйткені ардагер – өткеннің куәгері
ғана емес, бүгінгі қоғамның белсенді
мүшесі. Оның өмірлік тәжірибесі, ел
көрген қиындықтардан алған сабағы,
еңбек жолы мен адамдық ұстанымы
– кейінгі ұрпақ үшін үлкен мектеп.
Қазақта «Өткеніңді еске алсаң – кеңдіктің
белгісі, өткеніңді ұмытсаң –
өшкендіктің белгісі» деген тағылымды
сөз бар. Өткенді білу – тамырымызды
тану. Ал сол өткеннің өнегесін кейінгі
ұрпаққа
жеткізу – аға буынның ғана
емес, барша қоғамның міндеті. Сондықтан
қариялардың айтқан әрбір әңгімесі,
берген әрбір батасы, өмірден түйген
әрбір тағылымы – ұлттың рухани
қоржынына
қосылған құнды дүние.
Т.Рысқұлов аудандық ардагерлер кеңесі
алдағы уақытта да қарттардың әлеуметтік
мәселелеріне қолдау көрсетіп, қайырымдылықты,
елдік пен бірлікті,
ұлттық
тәрбиені насихаттай бермек.
Қариясы
қадірлі елдің қазынасы ешқашан
ортаймайды. Үлкенін сыйлаған
ауылдың берекесі артады. Ақсақалдың
батасын алған ұрпақтың бағы
жанады.
Ендеше, елдің ертеңін ойласақ,
кешегінің көзіндей болған қарияларымызды
қадірлеуді бүгіннен бастауымыз
керек.
Мақпал СҮЙІНБАЙ