Мықты мұғалім әрқашан мектептің тірегі
6 ViewsБарлық балада талап бар. Яғни, оқушының бәрі бірдей. «Жаман оқитын, я оқымайтын» деп бөлуге болмайды біздіңше. Оқушы оқымаса, жауапты оқыта алмайтын мұғалім өзінен іздеуі…
АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ
ҮЛКЕН МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ
КЕЗЕКТІ АЛПЫСЫНШЫ
СЕССИЯСЫ ӨТТІ. АУДАНДЫҚ
МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ
ЕРБОЛ ӘБУТӘЛІПОВТЫҢ
ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ӨТКЕН СЕССИЯДА АУДАННЫҢ
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ,
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК,
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР МЕН
БІРҚАТАР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР
ҚАРАЛДЫ.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе
бойынша аудан әкімі Ернар Есіркепов
ауданның әлеуметтік-экономикалық
даму барысы мен осы күнге дейін
атқарылған жұмыстары туралы баяндады.
Ағымдағы жылдың алты айында
жалпы шығарылған өнім көлемі 30,7
миллиард теңгені құрап, өткен жылдың
сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7
миллиард теңгеге артқан. Өнеркәсіп
саласында 11,8 миллиард теңгенің, а у ы л ш а р у а ш ы л ы ғ ы н д а 1 1 , 7
миллиард теңгенің өнімі өндіріліп,
негізгі капиталға 8,8 миллиард теңге
инвестиция тартылған. Бұл туралы
аудан басшысы сессия отырысында
кеңінен баяндап, аудан аумағында
жүзеге асып жатқан жемісті жобаларға
ж е к е — ж е к е т о қ т а л ды . Ә с і р е с е
құрылыс, агросала, кәсіпкерлік,
инвестиция тарту салаларындағы көрсеткіштерге толығымен тоқталды.
Келесі мәселе бойынша аудандық
полиция бөлімінің бастығы Мадияр
Қуанышбеков атқарылған жұмыстар
туралы баяндады. Алты айда аудан
аумағында 76 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, бұл көрсеткіш
өткен жылдың сәйкес кезеңімен
салыстырғанда 23,2 пайызға төмендеген. Дегенмен Ербол Абақұлы
бастаған аудандық мәслихаттың
депутаттары жолдағы қауіпсіздік,
мал ұрлығы, тазалықты сақтау, теміржол өткеліндегі тәртіпсіздікке аса
мән беріп, жол белгілерін орнату
кезінде сапаға мән беруге шақырды.
Сессияда аудандық білім бөлімінің
2025-2026 оқу жылында атқарған
жұмыстары да қаралды. Білім бөлімі
басшысының міндетін атқарушы
Анар Базарқұлова білім нысандарын
жаңғырту, материалдық-техникалық
базаны нығайту және оқушылардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында
атқарылған жұмыстарды баяндады.
Баяндамашыға аудандық мәслихат
депутаттары Мұратжан Мейманханов,
Сұлукүл Дәлібаева, Сейтбек Көкімбаев, Тұрсынбек Досаев және Байболат Оспановтар мектептердегі
бақылау камераларын реттеу, отқазандықтарын газға, қоршауын темірге
ауыстыру, құқықбұзушылықты
азайтып, психологтардың жұмысын
жетілдіру, мектептердегі құрылыс
сапасына ерекше мән беру сынды
мәндегі сұрақтар жолдады. Сессия
қорытындысында қаралған мәселелер
бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.