ЖЕРЛЕСІМІЗГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

11 Views

Жуырда Қырғызстанда өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында
асық атудан жерлесіміз Ерсұлтан Тоқтасын командалық сайыста ІІІ орын
иеленген болатын. Осыған байланысты аудан әкімінің орынбасары Бақкелді
Ғабдоллаұлы жас спортшыны жаттықтырушысымен бірге қабылдап,
жеңісімен құттықтады.
Кездесу барысында Бақкелді Ғабдоллаұлы спортшының жетістігі аудан
мерейін асқақтатып отырғанын атап өтіп, алдағы додаларда сәттілік пен
жаңа жеңістер тіледі. Сондай-ақ, спортшыны жарыстарға дайындаудағы
жаттықтырушысының еңбегіне ризашылығын білдірді.
Бүгінде Ерсұлтан Тоқтасын – Жамбыл облысы құрама командасының
мүшесі, спорт шеберлігіне үміткер.
Жерлесімізді жеңісімен құттықтап, алдағы додаларда сәттілік пен толағай
табыс тілейміз!
«ҚҰЛАН МЕДИА» АҚПАРАТ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий