2026 ЖЫЛҒЫ 8 ҚАРАШАДА ӨТКЕН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ, АҚНИЕТ ЖӘНЕ ҚҰМАРЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІ ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

20 Views

2026 жылғы 8 қарашада Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Ақниет және Құмарық ауылдық
округтері әкімдерінің сайлауы өтті.
АҚНИЕТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БОЙЫНША:
Сайлаушылар тізіміне 725 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 443 сайлаушы, оның ішінде есептен
шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 4 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Ақниет ауылдық округі әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Бердіш Қуаныш Беріктемірұлы үшін сайлаушылардың 56 дауысы берілді,
Кенжеғара Сәбит Жұмағалиұлы үшін сайлаушылардың 52 дауысы берілді,
Тұрабаев Нұрдос Әбіқұлұлы үшін сайлаушылардың 326 дауысы берілді,
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 5.
Сайлау қорытындыларымен: Ақниет ауылдық округінің әкімі болып Тұрабаев Нұрдос
Әбіқұлұлы сайланды. 1969 жылы туған, Ақниет ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов
ауданы, Д.Қонаев ауылының тұрғыны.
ҚҰМАРЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БОЙЫНША:
Сайлаушылар тізіміне 2062 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1309 сайлаушы, оның ішінде есептен
шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 19 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Құмарық ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Әшімхан Ільяс Жандосұлы үшін сайлаушылардың 82 дауысы берілді,
Құлбаев Шаншар Жетпісбайұлы үшін сайлаушылардың 80 дауысы берілді,
Раймбаев Ғазиз Қуанышбайұлы үшін сайлаушылардың 1143 дауысы берілді,
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 1.
Сайлау қорытындыларымен: Құмарық ауылдық округінің әкімі болып Раймбаев Ғазиз
Қуанышбайұлы сайланды. 1990 жылы туған, Құмарық ауылдық округі әкімі аппаратының бас
маманы, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының тұрғыны.
Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий