АУДАНДА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

19 Views

Бұл жұмыс төтенше жағдайлардың
алдын-алу және тұрғындардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.
Мұндай нысан өткен жылы Қорағаты
ауылдық округінде пайдалануға берілсе,
биыл тағы үш бірдей ауылдық округте бой
көтеруде. Атап айтқанда, Жаңатұрмыс,
Құмарық және Ақыртөбе ауылдық
округтерінде жаңа өрт сөндіру бекеттерінің
құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде.

Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов
а т а л ғ а н н ы с а н д а р ды а р а л а п , қ ұ р ы л ы с
жұмыстардың барысымен танысты. Мердігер
мекеме өкілдерімен кездесіп, атқарылып жатқан
жұмыстардың сапасына мән беру қажеттігін
ескертті.
Жалпы, ауданымыздың географиялық
ерекшелігіне назар аударсақ, бұл бастаманың
маңызы өте зор. Өйткені аудан аумағының бір бөлігі
таулы, енді бір бөлігі құмды алқаптардан тұрады.
Ауыл шаруашылығы да басым бағыттарының бірі.
Ал аталған ауылдар аудан орталығынан шалғай
орналасқан. Мұндай жағдайда төтенше жағдай
орын алса, өрт сөндіру қызметінің оқиға орнына
жедел жетуі аса маңызды.
Бұл бастама шалғай елді мекендердегі өрт
қауіпсіздігін күшейтіп қана қоймай, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін
арттырады. Сондықтан шағын өрт сөндіру
бекеттерін салу уақыт талабынан туындаған
қажеттілік деп есептейміз.
Ж а ң а н ы с а н д а р д а т ө т ен ш е ж а ғ д а й
қызметкерлеріне де, арнайы техникаларға да
қатысты барлық қажетті талаптар сақталады.
Аудан басшысы құрылыстың тек сапасына ғана
емес, оны өз мерзімінде аяқтау ісіне де ерекше
тоқталып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар
берді.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий