ЖАСТАР – кемелді келешек кепілі

5 Views

Жастар – қоғамның қозғаушы күші, елдің ертеңі мен болашағының жарқын кепілі. Қай мемлекеттің болмасын даму деңгейі оның жас ұрпағының біліміне, тәрбиесіне, біліктілігі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Сондықтан жастарға қолдау көрсету, олардың қабілетін дамыту және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік жасау – маңызды міндеттердің бірі.
Бүгінгі жас ұрпақ – тәуелсіз еліміздің тірегі. Заман талабына сай білім алып, жаңа технологияларды меңгерген, жаңашылдыққа ұмтылған жастар еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. Білімді, еңбекқор, отансүйгіш және жауапкершілігі жоғары жастар ғана мемлекетіміздің дамуына жол ашады.
Қазіргі таңда жастардың сапалы білім алуына, сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне, тұрақты жұмысқа орналасуына, кәсіпкерлікпен айналысуына және шығармашылық қабілеттерін дамытуына кеңінен жол ашылған. Басты мақсат – жастардың бойындағы әлеуетті арттырып, олардың өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануына қолдау көрсету. Осы ретте жастарды қоғамдық өмірге белсенді араластыру, еріктілік қозғалыстарын дамыту, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларға тарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, жас буынның патриоттық сезімін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және белсенді өмірлік ұстанымын дамытуға бағытталған «Жарқын болашақ – жастар қолында», «Бүгінгі жас – ертеңгі ел болашағы», «BIRGEMIZ:
QAMQOR» және басқа да түрлі танымдық, тәрбиелік әрі қоғамдық іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Ел болашағы – жастардың қолында десек, жастардың да ел алдындағы жауапкершілігі зор. Өйткені Отанға деген сүйіспеншілік туған жерді құрметтеуден, ұлттық құндылықтарды сақтаудан, адал еңбек етуден және қоғамға пайдалы іс жасаудан басталады.
Қорытындылай келе, жастарға сенім арту – болашаққа сенім арту. Білімді, тәрбиелі, саналы әрі бастамашыл ұрпақ қалыптастыру арқылы ғана кемел келешекке қадам басамыз. Жастардың жігері мен талпынысы – еліміздің дамуына серпін беретін үлкен күш. Ендеше, жарқын болашақтың іргесін бірге
қалайтын жас ұрпаққа қолдау көрсету – баршамыздың ортақ міндетіміз!

С.ҚЫЗАЙ,
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Луговой ауылдық округі
бойынша жастар ісі жөніндегі маманы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий