Байрағы бірліктің биікте

751 Views

Байрағы бірліктің биікте

1 наурыз – алғыс айту күні. Бұл күн ең алдымен, елімізде тыныштық пен ынтымақтың, өзара үндестік пен барлық Қазақстандықтарға деген құрметтің орнауына негіз болған, Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің ішінде 1943 жылы бұрынғы Луговой ауданы, Луговой селосына, яғни, қазіргі Құлан жеріне 158 қарашай ұлты, 115 қырым татар ұлты, 187 шешен ұлты қоныс аударылып келген еді. Өзге ұлттардың құтты қонысына айналған қасиетті Құлан жері – қонақжай, құт қонған, киелі мекен. Жерімізге қоныс аударып келген өзге ұлт өкілдеріне сыйластықпен, қонақжайлылықпен қараған аудан жұртшылығына олардың да айтар алғысы шексіз.

Аталған мерекеге орай 1 наурызда М.Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Қазақ халқына мың алғыс» атты этномәдени бірлестіктердің мерекелік концерті болып өтті. Жиын барысында өзге ұлт өкілдері қазақ халқына деген лебізін білдіріп, алғыс айтты. Шешен ұлтының өкілі С.Ахаев:

«- Біз алғаш Қазақстанға келгенде, қазақ халқы бізді бауырмалдықпен құшақ жая қарсы алды. Қиын-қыстау сәтте өздерінің ішер асынан бөліп беріп, саман үйлерінен бір бұрышты п а н а л ат т ы . М і н е , с о н д а й қ и ы н кезеңдерден аман өтіп, өзіміз де үй тұрғызып, жұмыс тауып, өз күнімізді көруге ықпал етіп, мейірімділік танытқан Қазақстан жұртшылығына алғысым шексіз!» — десе, орыс ұлтының өкілі Л.Левицкая: «- Сонау қиын жылдарда осында келіп, аштықтан жүдеп, суықтан жаураған өзге ұлт өкілдеріне мейірімін төгіп, жылу берген қазақ халқына мың алғыс! Олар бізге бауырмалдық танытып, барынша көмек қолын созды. Ал біз осында бауыр бастық және осынау киелі мекен, екінші Отанымыз – Қазақстанда қаламыз!» — деп ағынан жарылды.

Кеш барысында қазақ, өзбек, татар, қарашай, орыс, неміс биін билеп, ән шырқаған өнерпаздар бірлігі мен татулығы жарасқан, дархан көңілді қазақ халқына алғысын айтты. Осылайша, ынтымағы жарасқан Қазақстан халқының татулық мерекесі тағы бір мәрте тойланды.

Салтанат ҚАРАСАЙ

Поделиться ссылкой: