1 147 Views
Құрметті ардагерлер, қымбатты Отан қорғаушылары!
Қадірменді жерлестер мен аудан тұрғындары!
Сіздерді Отан қорғаушылар мен Ұлы Жеңіс мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отан қорғаушылар – бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып, туған елі мен жері үшін бар қажыр-қайраты мен күшін, ерік-жігері мен білімін Отанының тыныштығы үшін арнап жүрген патриот азаматтар. Қазіргі таңда еліміздің Қарулы Күштері аяғынан нық тұрып, мемлекеттің қорғаныс қалқанына айналды. Әскери қызметшілердің жаңа келбеті қалыптасып, жауынгерлік дайындықтың қарқыны артты. Отан қорғау-абыройлы іс, қасиетті парыз, асқақ міндет.
Уақыт алмасуы, өмірге жаңа ұрпақ өкілдері келуі – табиғи заңдылық. Егемен еліміздің айбынды Армиясының жауынгерлерін Ұлы Отан соғысы және Ауған соғысы ардагерлерімен ұрпақтар сабақтастығы жалғап жатыр.
Жас ұрпақ аға буын – ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді,
оларды қастерлеп, құрметтейді, ешқашан ұмытпайды. Өскелең ұрпақ бойында туған Отанға, жерге, елге деген сүйіспеншілік пен жауынгерлік ерік-жігердің жасампаз дәстүрі мәңгілік сақталады.
Құрметті аудан тұрғындары!
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні мерекесі–туған жер мен елді, Отанды шынайы қастерлеуді паш еткен ең ұлы күн, халықтың ерлігі мен қайсар рухының шынайы белгісі.
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Осынау ерлікке толы Күн Қазақстан тарихының мәңгі ұмытылмас парағы болмақ, осы алапат соғыста қаншама қазақстандық мерт болып, қаншама жауынгер елге қайтпады.
Уақыт алмасуы, өмірге жаңа ұрпақ өкілдері келуі – табиғи заңдылық. Егемен еліміздің болашағы жарқын болуы үшін күрескен аға ұрпақтың ерлігі де еңбегі де ешқашан ұмытылмауы тиіс.Біз Отанға деген құрмет сезімін ата-бабалардан үйреніп, олардың елге құрметін, жерге адалдығын, отанға шын берілгендігін үлгі етуге тиіспіз!
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бойынан Отанға деген адалдықтың
үлгісі мен елге сүйіспеншілік сезімін кітаптардан оқып, кинолардан көрдік, ортамыздағы ардагерлерден есіттік, бұл – біз үшін сарқылмас рухани байлық!
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қан майдандағы өшпес ерлігі мен батырлығы – жастарға өнеге, Отан қорғаудың ең биік үлгісі! Ардагерлерді ардақтау-ұрпаққа аманат, азаматтық парыз!
Құрметті аудан тұрғындары! Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл ардагелері! Тәуелсіз елдің қорғаушылары!
Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығы мерекесімен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, баянды бақыт, шат өмір мен бақ-береке тілейміз!Егемен еліміздің болашағы жарқын, еңсесі биік, қамалы берік, жері жұмақ, елі бай қуатты болсын! Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын, ардақты ағайын! Елімізде бейбіт өмір бола берсін! Құрметті, Отан қорғаушылар! Тәуелсіз Отанымыздың болашағы баянды, келешегі кемел, қамалы берік болсын! Туған еліміз өркендеп, өсе берсін! Ел шекарасы бүтін, азаматтар өмірі тыныш болсын!
Аудан әкімі Е.САДЫРҚҰЛОВ
Мәслихат хатшысы Т.ЖАМАНБАЕВ
Поделиться ссылкой: