ҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ!
13 ViewsҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ! Егер Сіз 2026 жылғы 15 наурызда дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз, қалай дауыс бере аласыз? Ол…
Ұлы Жеңіс күнін аудандық полиция бөлімі мен полиция ардагерлері ұйымшылдықпен атап өтті. Мереке күні сақшылар ішкі істер бөлімі алдындағы қызмет бабында жүріп қаза тапқандарға арналған стелла алдына келіп құрметті күзетке тұрды. Одан соң полиция ардагерлерімен бірге гүл шоқтарын қойды. Олардың арасында полиция ардагерлерінің төрағасы С.Қиялбеков, полиция ардагерлері Е.Тайбеков, А.Таштанов, Ж.Шілдебаев, Е.Тілеукеев, ауған соғысының ардагері О.Сұлтанов бар еді. Айшықты күні жеке бөлім алдында отставкадағы майор Есен Бекенов пен бөлім бастығы, полиция подполковнигі Досмырза Алашбаев сөйлеп, жиналғандарды Жеңіс күнімен құттықтады.
Одан соң олар сол жұбын жазбай орталық алаңға келіп, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестер монументіне гүл шоқтарын қойды.
С.ҚОЖЕКЕ.