Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
15 мамыр күні «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы құндылығы» тақырыбында семинар өтті. Семинарды Жамбыл облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия ұйымдастырды. Мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес сектордың қатысуымен өткен семинарға аталмыш комиссияның хатшысы Б.Жақсылықова, ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы А.Жанисова қатысып отырды. Семинар жұмысы барысында құрметті қонақтар жиынға қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, заң талаптары мен облыс деңгейінде атқарылып жатқан істерге тоқталып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, іс-шара барысында Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, полиция қызметінің жұмысы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылармен жұмыс, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, мектеп әкімшілігі мен педагогтар қызметі, ата-аналармен қатынас, психологиялық көмек мәселелері талқыланды.
Семинар жұмысына ішкі саясат бөлімі қызметкерлері, ҮЕҰ мүшелері, білім, медицина, жергілікті полиция, Жастар ресурстық орталығының мамандары, аудандық, ауылдық «Аналар кеңесі» мүшелері өз пікірлерімен бөлісіп, белсенділік танытып отырды. Атап айтқанда, «Құлан нұры» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Б.Мырзалиева мен «Элай Құлан» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы С.Әденова өз ойларын ортаға салса, ішкі саясат бөлімінің басшысы Л.Өтеулиева осы бағыт бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, ұсынысын білдірді.
«ҚҰЛАН ТАҢЫ» АҚПАРАТ.