Сессия отырысында өзекті мәселелер талқыланды

632 Views

Сәрсенбі күні аудан әкімдігінің үл­кен мәжіліс залында алтыншы шақы­рылған аудандық мәслихаттың ке­зек­ті қырық үшінші сессиясы өтті. Ау­дандық мәслихат хатшысы Тұрсынхан Жаманбаевтың төрағалығымен өт­кен кезекті сессия отырысына аудан әкімі Ерболат Садырқұлов пен оның орынбасарлары, аудандық қоғамдық және ардагерлер Кеңестерінің төр­аға­лары, аудан әкімдігінің бөлім бас­шы­лары, ауыл әкімдері, сондай-ақ, по­ли­ция қызметкерлері, мекеме басшылары мен БАҚ өкілдері қа­тысты.

Сессия отырысында аудан аума­ғын­да қылмыстық құқық бұзушылық пен әкімшілік құқық бұзушылықтың ал­дын алу және жолын кесу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар реті ту­ралы және Өрнек ауылдық окру­гі­нің әлеуметтік-экономикалық да­муы, сон­дай-ақ, округке қарасты елді­ме­кендерді көріктендіру және абат­тан­дыру жұмыстарының жай-жап­сары сынды мәселелер қаралды. Күн тәрті­біндегі алғашқы мәселе бойын­ша ау­дандық полиция бөлімінің бас­шысы Досмырза Алашбаев баяндама жа­сады. Оның айтуынша, құқық қорғау органдары тарапынан 2019 жылдың 5 ай қорытындысына сәйкес аудан аумағында қоғамдық тәртіпті реттеу бойынша ауқымды шаралар атқарылып отырған көрінеді.

– Жыл басынан бері аудандық полиция бөлімінің ЖПҚБ жеке құ­рамымен аудан аумағында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қам­та­ма­сыз ету мақсатында кешенді іс-ша­ралар ұйымдастырылып отырды. Атап айтсақ, «Құқықтық тәртіп», «Авто­бус», «Қашар», «Уылдырық», «Стоп­трафик», «Жолда қабылдау»,  Допинг», «Есеп», «Мал ұрлығы», «Мигрант», «Абайлаңыз, балалар!» және тағы басқа жедел алдын алу ша­ралары өткізіліп, өз нәтижелерін бер­ді. Жеке құрамға қоғамдық орындар мен көшелерде, отбасы аясында жә­не атыс қаруын қолдану арқылы жаса­латын қылмыстардың алдын алуға тапсырмалар беріліп, жұмыстар тиісті деңгейде жүргізіліп отырды. Ағымда­ғы жылдың 5 айы ішінде жалпы 979 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде 659 дерек «Мүлдем төзбеушілік» қағидаты бой­ынша, ал 164 дерек жол ережесін бұзу бойынша тіркеліп отыр» деді ау­дандық полиция бөлімінің басшы­сы. Содан соң сессияға қатысушылар Өр­нек ауылдық округінің әкі­мі Бауыржан Ақүрпековтың баян­дамасын тыңдады.

«Өрнек ауылдық округіне 5 елді­ме­кен қарайды. Ауылдық округтер­де­гі жалпы халықтың саны — 4230. Өрнекте төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою мақсатында ме­кеме басшылары мен шаруа қожалық же­текшілерінен арнайы штабы құрылған. Штабтың жұмысшы тобының басқа­руымен тау бөктерінен келетін су ар­на­ларына тазарту жұмыстары жүргі­зілген» дей келе, ауылдық округте ше­шімін таппай отырған мәселелерді тіл­ге тиек етті. Бауыржан Ақүрпековтың айтуынша Әбжапар ауы­лындағы әкімшілік ғимараты­ның әбден тозығы жеткен. Яғни, күрделі жөн­деу жұмыстарын жүргізу қажет. Бұдан өзге Жарлысу, Сәлімбай, Әбжапар ауылдарын сапалы ауыз су­мен қамтамасыз етудің де жолдарын қарастырған жөн. Сондай-ақ. округ ор­талығы Өрнекке мәдениет үйін, Сәлімбай ауылына медициналық пункт са­лу қажет. Шыны керек, осындай мәселелер өзекті тақырыптардың бірі саналып отыр. Осы және өзге де проблемаларды сессия отырысы барысында аудандық мәслихаттың депутаттары Зайтуна Оразалиева мен Қадірбек Құлбарақов сөз етті. Өз кезегінде аталған мә­селелер бойынша аудан басшысы өз ойын білдіріп, жұмысты құрғақ сөз­ден гөрі нақты іспен дәлелдеу қажет­тігін ес­кертті. Сессия соңында аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы мен аудандық мәслихат хатшысы Тұрсынхан Есімқұлұлы ал­тын­шы ша­қырылған аудандық мәс­лихаттың де­пу­таттарына «Қазақстан мәс­лихат­­та­рына – 25 жыл» атты мерекелік ме­далін табыс етті.

Марат Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой: