Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады

887 Views

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Мәжілістің қазіргі жұмыстары, нәтижелері мен заң шығару жұмыстары, сондай-ақ, биыл 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесін өткізудің дайындық барысы жөнінде баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жүргізіліп жатқан реформаларды сапалы заңдық тұрғыдан сүйемелдеу және заң жобаларын уақтылы қабылдау қажеттігін айтты.
Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Алдағы уақытта атқарылар басты 10 бағыт

1 бағыт. Халықтың табысын арттыру, экономикалық өсімді қамтамасыз ету. Азаматтарымыз өз елінде алаңсыз өмір сүріп, мақтан тұту үшін экономикалық өсім болуы керек. Таяуда ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында нақты міндеттер айқындалады.
2 бағыт. Сыбайлас жемқорлықты жою. 1 қыркүйекке дейін сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша реформалар топтамасы дайындалады.
3 бағыт. Сот және құқық қорғау жүйесін реформалау. Судьялардың кәсіби деңгейі жоғары болуы тиіс.
4 бағыт. Жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамтамасыз ету. Ұлттық табысты әділ бөлу – страгетриялық маңызды міндет.
5 бағыт. Баспана мәселесін шешу. Халықты сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі басты назарда болады.
6 бағыт. Әділетті әлеуметтік саясат. Адами құндылықтарды дамыту бағыты жалғасады.
7 бағыт. Өңірлерді дамытудың жаңа бағдары. Бұған дейін де айтылғандай, «Қуатты аймақтар – қуатты Қазақстан» бағыты жалғасады. Жергілікті өзін өзі басқару жүйесін нығайтамыз.
8. Рухани жаңғыру үрдісі жалғасады. Тарихқа құрмет, Отанға адал болу – асыл қасиеттер. Бұл қасиеттер Қазақстан халқының жасампаздығын нығайтады.
9. Сыртқы саясат. Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдындағы беделі жоғары. Еліміздің сенімді серіктес ретінде танылып, беделі бекіп үлгерді. Біз көпвекторлы сыртқы саясатты жалғастырамыз.
10. Жастарға үлкен сенім артылады. Елімізде «Жастар – ел тірегі» арнайы жобасы мен «Жас кәсіпкер» бағдарламасы одан әрі жалғасады. Жастарды мемлекеттік қызметкетке көптеп жұмылдыру үшін президенттік кадр резерві құрылады.

Поделиться ссылкой: