Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Қазақ халқы тарихындағы екінші Президент сайланды. Ел тұрғындары тұрақтылық пен өрлеу үшін дауыс беріп, бірлігі мықты ел екенімізді тағы бір рет дәлелдеді. Халық өзінің, елінің, ұрпағының болашағын сенімді қолға тапсыруы керек екенін түсініп, мүмкіндік пен таңдау еркі берілген қас-қағым сәттің қадірін сезіне білу арқылы саналы қадам жасады. Мұнда – қазақстандықтар өмір сүру сапасының жақсарып, табысының артуына сенім білдірді. Қазақстандықтар өмірдің барлық саласында жаңашылдыққа дайын екендерін көрсетті. Халық ертеңгі күнге деген сенімділікті қолдайтынын көрсетті. Қазақ халқы тәуелсіз Қазақстанның туын көтеріп, мемлекет құрған Елбасы серіктерінің бірі, халықаралық байланыстарды нығайтып, Республикамыздың адам құқықтарын, құндылықтарын мұрат тұтқан бейбіт ниетті, зайырлы ел екенін бүкіл әлемге паш еткен азаматты таңдады. Елбасының таңдаған бағытын жалғастыра алатын білікті саясаткер Қасым-Жомарт Кемелұлына сенім артты. Бұл «Мен дәстүр сабақтастығын сақтай отырып, игілік және әділет жолын ту етіп, қарқынды дамуды жалғастыруға бар күшімді саламын» — деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікте болған 2 айдан аса уақыт ішінде барша қазақстандықтардың үддесінен шыға білгенінің бірден-бір дәлелі. Ол – халықтың өмір сүру сапасы мен қаражат табысын қалайша арттыру керектігін жақсы түсінетін жанашыр адам. Сөз бен іс сәйкестік тапқанда жеңіс болары хақ.
«Мемлекетіміздің негізін қалаған Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың маған артқан жауапкершілік жүгін бүкіл болмысыммен сезінемін. Сондықтан сенімге серт беріп, бар қажыр-қайратымды жұмсаймын», — деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлаудағы жеңісі – таза жеңіс. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев – қара халық алдында, жомарт сайлаушылар алдында ары да таза, азаматтығы да абыройлы, білікті маман екендігі – анық. Ол «Мың өліп, мың тірілген» ұлт қадірін, ұлы Отан құнын, қастерлі Тәуелсіздіктің бағасын жақсы біледі. Күні кеше Қазақстан халқына ант беріп, ресми түрде мемлекет басшысы лауазымына кіріскен Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының ел тыныштығы мен көркейіп дамуы, мемлекетіміздің өрлеуі мен өркендеуі жолында қажырлы еңбек ететініне кәміл сенеміз.
Мұратжан Мейманханов,
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің директоры, «Каменка» бастауыш партия ұйымының төрағасы.