Ынта мен ынтымақ болса табыс көп

888 Views

Т.Рысқұлов ауданының әлеуеті қандай? Ондағы 15 ауылдық округтің аxуалы нешік? Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін арттырудың жолдары қай деңгейде атқарылуда?

Ол бойынша берілген xаттамалық тапсырмалардың орындалуы көңіл көншітеді ме? Бұл сұрақтарға ауданға арнайы келген облыс әкімі Асқар Мырзаxметов бастаған жұмыс тобы жауап іздеп, атқарылып жатқан жұмыс барысын барлады. 

«Қарапайым заттар экономикасы» мəселелерін облыс өңірінде зерделеу жəне оны жүзеге асыру, аудандағы елді­­мекендерді аралау бойынша өңір бас­шысының алгоритіміне сəйкес аймақ басшысының орынбасарлары Мұратхан Шүкеев, Нұржан Календеров, аппарат жəне басқарма басшы­лары­ның қатысуымен барлық ауылдық округ­терде жиын өтті. Олар өз кезегінде ауыл халқының тұрмыс- тіршілігімен жақынырақ танысып, кө­тер­ген мəсе­лелерге жауап берді.

Ал облыс əкімі Асқар Исабекұлы жұмыс сапарын Тереңөзек ауылдық округінен бастады. Одан кейін Абай ауылдық округінде болды.

Бұл ауылдық округтердің тұрғын­дары бақша суаратын ағын суды ше­шіп беруді, көгілдір отын тарту мен жайы­лым, басқа да қордаланған мəсе­лелерді көтерген болатын.

 Асқар Исабекұлы бұл мәселелердің шешу жолдарын ұсынды. Бұл орайда ауылдықтардың кооперативтерге бірігуі маңызды. Ол арқылы теxника, маман тапшылықтарын, тұқым, өнімді өткеру  мәселелерін де оң жолға қоюға болады.

Сондай-ақ, қарапайым заттар эконо­микасын дамыту бойынша ұсы­ныстар сұралды.

«Сіздердің жиында көтеріп, айтып отырғандарыңыз орынды. Бірақ бұл ірі шаруашылықтарға емес, ауыл халқының тұрмысын түзеу, табысын көтеру үшін жасалуда. Кооператив құруда, қосалқы шаруашылықты дамытуда ынта мен ынтымақ болса бұл табыс көзі болмақ. Бұл көктен алынбаған дүние»- дей келіп, тұрғындарға нақты түсінік бе­ріп өтті.

Жиында  Абай ауылдық округіне қарасты Көкарық ауылының тұрғы­ны Орынбай Бекназаров сөз алып, үй жанындағы 25 соттық шарбағында таң­қурай өсіріп отырғанын айтты. Оның айтуынша, бұл шаруамен айна­лысып келе жатқанына да 30 жылға жуықтапты. Шарбағында 1500 түп таңқурай өсіп тұр.  Жылына 2-3 тонна өнім жинап, бір жазда 3 миллион теңге табыс тауып отыр екен. Жиында

Өңір басшысы оны көпшілікке үлгі ете отырып, жиыннан соң үйіне барып, жұмысымен танысты.

Орынбай Көшкінұлының ауласында бос орын жоқ. Ал көршісінің шарбағы болса, қурап тұр. Ол көршілері сияқты су жоқ деп қарап отырған жоқ. Ауласынан құдық қазып, су мəселесін де орынды шешіпті.

Тұрғындар арасында үй жанындағы қосалқы шаруашылығын дамытып, жұмысының жемісін көріп отырғандар да бар. Олар облыс басшылығының бастамасын қолдап, ауылдастарын аянбай тер төгуге шақырды.

Асқар Исабекұлы түстен кейін аудан əкімдігінің мəжіліс залында аудан активімен жиын өткізді.

Онда аудан əкімі Ерболат Садырқұлов ауданда 5  айда атқарылған ауданның эконо­микалық даму барысы туралы баяндап өтті. Оның айтуынша, ауданда 13500 аулада 65 мыңға жуық адам тұрады екен. Мал ұстап отырған аула саны —   6188. Ал үй жанындағы жердің жалпы көлемі 1228 гектарды құрайды. Ол жерлердің басым бөлігі əлі­күнге толық мақсатта пай­да­ланылмай келеді.

Осыдан кейін жұмыс тобының жетекшілері сөз алып, өздері аралаған ауылдық округітердің жұмысымен таныстырып өтті. Облыс əкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев Жаңатұрмыс ауылдық округінің əкімі халыққа толыққанды ақпарат бермегенін, сауалнаманы дұрыс жүргізбегенін жеткізді.

Өңір басшысы Жаңатұр­мыс пен Ақниет ауылдық окрук­терінің əкімдері Нұрболат Жамалбеков пен Нұрдос Тұрабаевты тұрғызып, жұмыс ба­рысын сұрады.

Қос округтің əкімі өңір басшысының қойған сауалына мардымды жауап бере алмады. Өзге округтің əкімдерінің де жиынға дайындалмай келгені олардың берген жауаптарынан көрініп-ақ тұрды. Өз кезегінде ауыл әкімдері сөзден сүрініп, нақты мәліметтерден мүдірді. Санақ жұмыстарының сылбыр, түгендеу шараларының мар­дымсыз жүргізілгенін көр­сетті. Әуелі қойылған талаптың түп мақсатын терең түсінбей, ойға алған істің оңынан баспасы анық. Сондықтан тек санақпен шектелмей әкімдерге сараптап әр аулаға нақты нендей қолдау көрсету керектігін көрсету керек. Аймақ басшысының ауылдарға арнайы барып ел жұртпен етене жүздесуінің себебі де сол болатын.

Аймақ басшысы өз сөзінде кооперативтерді құру арқылы әрбір ауылдың экономикасын көтеруді, үй іргесіндегі жерлер­дің игерілу жағдайын сөз етті.

— Жаңа Абай ауылдық окру­гінде 25 соттық жерде таңқурай өсіріп отырған кісінің бақша­сын көрдік. Ауласын жайнатып отыр. Үйдің іргесіндегі жердің өзін тиімді пайдаланып отыр­ған ол сол жерден жылына 2-3 тон­на өнім жинайды. Біз бірін­ші кезекте үйдің іргесіндегі жер­ді табыстың көзіне айналдыру­ды үйренуіміз керек, — деді Асқар Исабекұлы.

Өз кезегінде аймақ басшысы ірілену, кооперативтер құру, үй жанындағы жерді табыс көзіне айналдыру жайын сөз етіп, аудан əкімі мен ауылдық округтің əкімдеріне тиісті тапсырмалар жүктеп, түсіндіру жұмысын жандандыруды тапсырды.

Марат Құлыбаев,

журналист.

Поделиться ссылкой: