Қоғамдық қабылдауда тұщымды кеңестер берілді

751 Views

Жұма күні аудан әкімі Ерболат Садырқұлов «Нұр Отан» партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындар сауалдарына жауап берді. Қабылдауға тіркелген азаматтар мен азаматшалар аудан басшысына өздерін толғандырған сұрақтары мен өтініш-тілектерін жеткізді. Мәселен, Луговой ауылында тұратын жалғызбасты ана Венера Далабаева мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысын ала алмай отырғандығын айтса, ал,  Құлан ауылының тұрғыны Жаухар Жұматаева тұрғын үйге кезекке тұрудың  жолдарын сұрауға келіпті. Көгершін ауылының тұрғыны, 2 қыз, 1 ұлдың анасы Нұрлай Жаманқұлова да ауылда жер телімінің мүлде жоқ екенін айтып, жерге кезекке тұрудың қаракеті турасында сауал қойды. Қойылған сауалдарға аудан әкімі Ерболат Садырқұлов заң шеңберінде сөз қозғай отырып, нақты әрі мазмұнды мысалдармен жауап беріп отырды.

Марат Аятберген.

 

Поделиться ссылкой: