9 баланы бауырына басты

932 Views

Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен ананың орны әр бала үшін ерекше. Себебі, анаәлемдегі ең мейірімді, кешірімді жандардың бірі, әрі бірегейі. Дегенмен, тағдырдың жазуымен балдай тәтті балалық шағында жетімдік көрген бүлдіршіндер қаншама? Олар да ана мейірімін аңсайды. Қамқорлыққа мұқтаж. Ал жетімнің басынан сипап, бауырға басуадамдардың парызы. Оның үстіне «Жетім көрсең жебей жүр» дейтін қазақ халқы жетімін жылатпаған. Сол үрдіспен аудан тұрғыны Ботагөз Бакеева 9 баланы бауырына басып, қамқорлығына алды.

Ботагөз Болатқызы аудандық біл ім бө лімін де ә діскер бол ып қызмет атқарады. Ол бөлімге қарасты мекемелердегі мектепке дейінгі балалардың білімі мен тәрбиесіне тікелей жауап беретін мамандардың бірі. Естеріңізде болса, маусым айының басында Ботагөз Бакеевадан аудандық балаларға жасалған жағдайдың жайын сұрап, басылым бетіне сүбелі сұхбатын берген болатынбыз. Сол кездің өзінде кейіпкеріміздің балаға деген  қамқорлығы мен ыстық ықыласының шексіз екендігін сөзінен аңғарған едік. Бүгінде Ботагөздің 4 баласы бар. Олардың үлкені 11 жаста болса, үйдің ерке кенжесі жақында ғана 4-ке толған. Мектепке баратын балаларының сабақ үлгерімі де жақсы. Өйткені, олардың сабақтарын анасы үнемі қадағалап отырады.

Баланың білімі мен тәрбиесіне келгенде ұқыпты келетін Ботагөз жуырда өзінің 4 баласына қосып, 9 баланы бауырына басып, патронаттық тәрбиеге алды. Тоғыз баланың сегізі Жамбыл облыстық өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау мекемесінде тәрбиеленсе, олардың ең кенжесі «Үміт» бөбектер үйінің тәрбиеленушісі. Осылайша бір күннің ішінде 13 баланың анасы атанған Ботагөзден біз осындай батыл қадамды қабылдауға не түрткі болды деп сұрау салдық. Алтын жүректі ана бізге былай деп жауап қатты. «Мен бала кезімде жалғыз өстім. Тек он жылдан кейін ғана дүниеге інім келді. Көршінің балалары бауырларымен шүйіркелесіп әңгіме айтып, асыр салып ойнап жатқанда оларға қатты қызығатынмын. Кейіннен өсе келе көп балалы ана атануды армандадым. Бүгін міне, сол аңсаған арманыма қол жеткізіп отырмын. Дегенмен, мұның бәрі оңай болған жоқ. Жолдасым Бауыржан екеуміз еліміздегі балалар үйінің біразын аралап шықтық. Жасыратын несі бар, алғашында қазақ балаларын іздедік. Бірақ, өзіміздің қаракөздерді табу қиынға соқты. Себебін айтпасақ та түсінікті шығар. Өйткені, қазақ жетімі мен жесірін жылатпаған халық. Осылайша үйдегі үлкендердің айтуымен өзге ұлттың балаларын қанатынымыздың астына а л у ғ а ұ й ғ а р д ы қ . Д ә л о с ы н д а й ш е ш і м і м і з г е қ о л д а у б і л д і р г е н жұбайымның ата-анасына алғысым шексіз», -деп ризашылдығын білдірді.

Бүгінде 11 немеренің маңдайын иіскеп отырған Сәбитбай ата мен Дина әжейдің қуанышында шек жоқ. «Бүгін біздің үйде үлкен той. Өйткені 11 немеремізге тағы да 9 бала қосылып  отыр. Үйдегі балаларға қалай қарасақ, осы бүлдіршіндерге дәл сондай көңіл бөлетін боламыз. Бір қуантарлығы балалар өзге ұлттың өкілдері болса да, төл тілімізде еркін сөйлей алады екен. Тіпті, қазақ сыныптарында білім алатын балалар да бар. Оларға қолымыздан келгенше тәрбие беруге тырысамыз. Мұндай шешім қабылдар алдында біз ағайын-туыспен көп ақылдастық. Қолдаушылардың қатары көп болды. С о л а р д ы ң қ а т а р ы н д а б а л а м ы з Бауыржанның Жансерік, Манас, Төленді деген достары бар. Бүгін үйге келіп, қолдарынан келгенше көмегін көрсетіп жатыр. Оларда біз секілді қадам жасауға талпынып отыр. Біздің ойымызша бұл дұрыс шешім. Себебі, отбасы мейіріміне қанып өскен балалар болашақта жақсы адам болып бой түзейтін болады» -дей келе, баласы Бауыржан мен келіні Ботагөздің  қабылдаған батыл қадамдарын адамдық парыз деп бағалады.

Исаевтар дәл осындай форматта бала асырап алған аудандағы алғышқы отбасы. Жалпы облыс бойынша Меркі ауданында -5, Жамбыл ауданында -4 отбасы дәл осылай жетім балаларды б а у ы р ы н а б а с қ а н . А т а л м ы ш мәліметтерді бізге Жамбыл облыстық өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау мекемесінің әлеуметтік педагогы Әсел Момыналиева мәлім етті. Маманның айтуы бойынша балалар мен асыраушылар арасындағы қарым-қатынас толықтай орныққанша орталық тарапынан түрлі қолдаулар көрсетіліп тұратынын да жеткізді.

Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.

Поделиться ссылкой: