АНАЛАРДЫҢ КӨҢІЛІ АЛАҢ

838 Views

Сейсенбі күні «Нұр Отан» партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық филиалында аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың қатысуымен қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауға келгендердің барлығы аналар. Барлығының да көңілі алаң. Жанарлары суланып, жағдайын айтқан жандардың жалқы тілегі бар. Тағдыр тауқыметін тартқан аналар  көмек сұрайды. Аудан ә к і м і к ө т е р і л г ен мәселелерді әкімдікке қарасты бөлім, мекеме басшылары арқылы нақтылап, өз бақылауына алды.

Луговой ауылының т ұ р ғ ы н ы Ш а р б ү б ү Тыналиеваның денсаулығы жоқ. 2006 жылдан дәрігерлердің бақылауында көрінеді. Инсульт алған оның м ү г е д е к т і к а л а а л май жүргеніне көп болыпты. Соңғы бес жыл к ө ле м і н д е ж ы л ы н а екі мәрте аурухана төсегіне таңылып, ем қабылдайды екен. Сонда да мүгедектік ала алмай жүргенін айтады. Мәселенің мән жайын мұқият тыңдаған аудан әкімі аудандық орталық аурухананың дәрігерлік комиссия төрайымы Шынар Сәрсенқұловаға заң шеңберінде қарап, мүгедектік алып беруге көмектесу қажеттігін жеткізді. Үлкен ұлын жұмысқа орналастыруды сұраған луговойлық алты баланың анасы Гүлжайна Разахбергенованың тілегін де аудан әкімі назардан тыс қалдырмады. Бұл сұраққа аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Сапар Құлманов толыққанды жауап берді. Нақты айтқанда, жұмысқа орналасу үшін ұлының орталыққа келіп, жұмыссыз ретінде тіркелуі керектігі ескертілді.

Аудан әкімінің қабылдауына Құлан ауылының тұрғыны, зейнеткер Ұлдеркүл Наметқұлова да келді. Оның айтуынша өзі де, баласы да ота жасатқан. Баласының жұмыс істеуге денсаулығы көтермейді. «Үй суық, азынап тұр» деген қария газ кіргізуге жағдайы жоқтығын тілге тиек етті. Бұл мәселеге «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанатбек Арыстанбеков кәсіпкерлердің демеушілігімен көмек көрсете алатынын атап өтті.

Жалғыз басты ана Үртен Әлімбекова мен келіні Әсел Зауырбекованы да тұрмыстық мәселелер мазалайды. Ұлы қайтыс болып, келіні екі баласымен жесір қалған бұл отбасы тұрғын үй алып, балаларға атаулы әлеуметтік көмек алуды көздейді. Сол секілді Құлан ауылының тұрғыны Жаңылсын Садыханова үйіне газ кіргізуге қаражаты жетпей жатқанын айтып, үш-төрт бөліп төлеуге мүмкіндік болса деген тілегін жеткізсе, шөңгерлік Ирина Гайсина ауыз су кіргізуге ықпал етуді өтінді.

А н а л а р а й т қ а н м ә с е ле ле р д і зерделеген аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы тиісті сала басшыларына т а п с ы р м а л а р б е р і п , ш е ш і м і табылмайынша бақылауда тұратынын жеткізді.

Мереке ЕРЖАНҰЛЫ.

Поделиться ссылкой: