Жақсылықпен кел, Жаңа жыл
54 ViewsЖаңа жыл мерекесі аудан орталығында да, әрбір ауылдық округтерде де ерекше тойланды. Дәл сондай ерекше форматтағы Жаңа жылдық мерекелік кеш Көгершін ауылында да өтті.…
Жуырда Тілдер мерекесіне орай дәл осындай тақырыпта Көгершін ауылындағы Ақтоған шағын орталықты орта мектебінде ілкімді іс-шара ұйымдастырылды.
Аталмыш іс-шара барасында мектеп оқушылары өлеңдер мен ғибратты сөздер оқыды. Осы ретте, мектебіміздің қазақ, орыс және ағылшын тілі пәнінің бірлестіктері мерекелік шараның жоғары деңгейде өтуіне себепкер болғанын айту ләзім. Алдағы уақытта мұндай шаралар аталмыш білім ошағында лек-легімен ұйымдастырылып отыратын болады. Шағын ғана мақаламыздың қорытындысын «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп, ұрпағына ұлағатты сөз қалдырған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өнегелі сөзімен түйіндегім келеді.
Бақытжан Заурбеков,
Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.