Тіл – достықтың дәнекері

1 059 Views

Жақында тілдер мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде «Тіл – достықтың дәнекері» деген тақырыпта фестиваль өтіп, онда көрермен қауым қазақ, орыс, өзбек, қарашай этно-мәдени бір­лестік өкілдерінің концерттік бағдарламасын тамашалады. Аталмыш шараны аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрдәулет Жамалбеков сөз сөйлеп, ашып берді. Сала басшысы өз сөзінде:

– «Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз» дейді алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы. Біз Ахаңның осы сөзін әрқашан санада сақтауымыз керек. Бір қуантарлығы, ауданда бүгінгі таңда өзге ұлт өкіл­де­рінің қазақ тіліне деген құрметі ерекше. Әсіресе жастар қауымының құрметі ерек. Өз басым осыған тәнтімін. Бұның бәрі мемлекет тарапынан жүргізіліп жат­қан оңтайлы жұмыстың арқасы» дей ке­ле, аудан әкімдігі мәдениет және тілдер­ді дамыту бөлімі мен Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өрбіген  іс-шараның негігі мақсатын атап өтіп, қазақ тілінің әлемдегі ең бай сөз кені екенін,- айтты. Аталмыш фестиваль барысында тілге тиек еткен қазақ, орыс, өзбек, қарашай этно-мәдени бірлестік өкілдері мызғымас татулығымыздың тірегі – Қазақ тілі екендігін сөйлеген сөздерімен ғана емес, сахнада көрсеткен өнерлерімен де айғақтай білді. Шара соңында фестивальге қатысқан этно-мәдени бірлестік ұжымдарына алғыс хатпен бірге бағалы сыйлықтар табысталды.

Марат Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой: