Қазақтың «Амалы» – татулықтың қамалы
14 ViewsҚазақстанның батыс аймағындағы облыстар Көрісу мерекесін өте жоғары деңгейде атап өтеді. Бұл мерекеге оңтүстік өңірлердегі жұртшылықта ерекше ден қою үстінде. Онысы өте дұрыс деп…
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасында бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, мемлекетіміздің мақсаты айқын, бағыты белгілі екендігін жеткізген еді. Сонымен қатар, мақалада ел дамуына елеулі үлес қосқан жандарды ұрпаққа үлгі етіп насихаттау керектігін алға тартқан болатын. Онда «Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөздің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары кез келген статистикадан артық көрсеткіш. Сондықтан, оларды телевизиялық деректі туындылардың кейіпкеріне айналдыруымыз керек. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деген болатын. Біздің қазіргі қоғамымызда Елбасының осы сөзіне лайықты келетін жандар өте көп. Солардың қатарына талай жылдар бойы білім саласында еңбек еткен, шәкірттерінің алғысына бөленген — Меруерт Қалықованы жатқызуға болады.
Меруерт Қалықова Алғабас шағын орталықты орта мектебінде мұғалім болып қызмет атқарады. Ұлағатты ұстаз талай жылдан бері аталмыш мектептің оқушыларына математика пәнінен дәріс беріп келеді. Мектеп тірегіне айналған ұстаздың шәкірттері қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде абыройлы еңбек етуде. Соның дәлелі ретінде биылғы мектеп бітіруші түлектердің жеткен жетістігін айтсақ та жеткілікті. Биылғы оқу жылында мектебіміздің үш бірдей оқушысы физика-математика пәнінің мұғалімдерін даярлау бөлімінің грантын жеңіп алып, білімгер атанды. Бұл көрсеткіш тікелей Меруерттей білімді ұстаздың жемісі.
Жүрегі мейірімге толы ұстаз бүгінде мектебіміздің тірегіне айналған. Ол тек қана шәкірт тәрбиелеп қана қоймай, өзі секілді ұстаздық мамандықты таңдаған жас мамандарға да қол ұшын созып, әрдайым көмектесіп отырады. Оларға жетекшілік жасап, өзінің жылдар бойы жинаған іс-тәжірибесімен бөлісуді әдетке айналдырған. Одан бөлек олардың сабақтарына қатысып, бағыт-бағдар беруден де жалыққан емес.
Өз мамандығын сүйіп, бар білімін жас ұрпаққа үйретіп, қоршаған ортасына жайдарлы жүзімен шуағын шашып жүрген ұстаздың өмірі көпке үлгі болары сөзсіз.
Балдай Азаматова,
Алғабас шағын орталықты орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.